Махаббатта тәтті мұң...

Таусылмайтын махаббат /
Махаббат…
Акын жырлап,
Қаламгер жазғаннан танбаған тақырып.
Айтып отқан ауызды талдырмаған,
Естіген құлақты қандырмаған тақырып.
Кел мұнда деп меніде тұрғандай шақырып.
Менде тәтті мұңымды жазайын жыр қылып.

Мендегі бұл қимас сезімнің басталуы жыл басының басталуымен пара пар келгендей. Көктемде бүршік жарған ағаштармен жармаласып менің жүрегімде де сезім бүршігін жарды… Жыл мезгілімен бірге жайнап, бұл сезім жаздын жайма шуақ күндерінде белен алды, жанымды баурады… Шіркііін меннен бақытты адам жоқ тәрізді көрінетін. Езуімнен күлкі кетпейтін, жаныма ұзақ уақыт серік болған қорқыныш үрейде тып-типыл болып ізін қалдырмады. Бақыттың не екенін сезінгендей болдым. Осыған дейін аңыз бен ертегіден оқып, өлен-жыр қылып тыңдаған сезімді сезіну керемет ғашап еді. Бақытты сәттерімнің бірінде сүйгенім ел қорғауға, азаматтық борышын өтеуге әскерге баратындығын айтты… Бұл ойын құптағаным рас, біраақ қимастықта басым. Күтемін деген уәдемді беріп, сүйгенімді шығарып салдым… Аз уақыт ішінде сондаай бауыр басыппын, қимаймын. Алматы – Ақтөбе бағыттағы поэздің алға жылжуы кеудемнен жүрегімді бірге жұла кеткендей әсер алдым. Арамызды қалалар мен далалар бөліп жатты, километрлермен бөлінген сезімім өршіп, жүрегімді тұншықтуды бастад… Сап-сары алтын күзбен меніңде сағынышым өршіді… Уақыт бір орында тұрып алғандай, жүрегім жанып сүреттерімен сөйлесуді бастадым. Сөзсіз аңсап сағындым, өзімді оны қайта көрем деген оймен жұбатым. Кезедсу сәтті елестетіп тәтті мұңмен бір жылымды өткіздім… Күтіп алар сәт туды, өз өзіме сенер емеспін, жүрегімді қолыма ұстап вакзалға жүгірдім… Күтіп алуға бәрі кешігіп мен ғана келген екенмін, сағынышымды қандырып құшамын ау деп қалықтап жүрм… Поэзд келді. Керемет сәт… Сүйгенім шықты ішінен, төбем көкке жеткендей болды… Өзімеде сондай ризамын, осы сынаққа төзе алғаным үшін. Сезімімнің адалдығы мен шыдамдылығына көзім жеткендей болды… Бақыттымыыыын!!!
От болып жанып турм… Аңсарым Ақтөбеден ағып келген сел болды ма, жалынымды басты. Лапылдаған сезімім ішімде бүгіліп түншығып жатыр қазіргі таң… Неге деген сұрақ көп, өкініштісі бірде біріне жауап табалмаудамын. Қасында тұрып аңсап сағынам, неге жалыны өшкен ол жаннын. Расында неге деген сұрақ көп…

Дәл казір жүрегімнің сүйгенімнен сұрары…
Мені күтші деген жанды қайтаршы өзіме,
Сағынышым таудан биік, сезімім тұншығуда жанып күйіп…
Мендегі тәтті мұң осы еді СЕЗІМ БИІК.

20 пікір

Delfina
керемет! Өзін Ақтөбеденсінбе әлде жігітпе?))
Aidana90
Екеумізде Алматы қаласының тумасымыз!!! Ақтөбе әскери борышын өтеген қала…
eerkinuly
Тек қана көзге жас алма,
Ойлай бер мені күніге.
Махаббаттардың қашанда
Ойламау жеткен түбіне.
шынымен сағынышты кезедсу сәтті елестетіп қана басуға болады,
Aidana90
Расында сағынышты жеңу қиын-ақ! Бұндай сезімді сезінудің өзі бақыт, бірақ қиын. Махаббаттың тәтті мұңы осы да болар!!!
VVVWWW
Шынымен ғашық екенсіз, шын махаббатты сезінбеген адам мұндай әсерлі қылып жаза алмас
Aidana90
Алма-Ата!
Бірінші ВОКЗАЛ
Түс ауған кез
Қимастықпен қарап тұр маған бір көз
Деп тұрғандай мендегі жалынды сез
Ұмытпаймын
Ұмытылмас сол тәтті сәт
Поезд жылжып барады
Емес-ау дим ішіндегі жан маған жат
Өтінемін маған тіл қат
Маған тіл қат
Алматы — Ақтөбе
Алыстап кетті ол меннен
Ал мен болсам жан екенмін
Жақындықты кеш сезген
Өтінемін сүйем деші
Сүйем деші тек сені
Жүрек шіркін жайлансын
Жырын саған, тек өзіңе арнасын!!!
Шығарып салған күні жазған екенмін, жазба кітапшамнан тауып алдым… Дәл осы бетке жазуға кұба-кұп келіп тұрғандай! Ал сезімдерімнің ақтығы өзгеге болмаса да өзіме аян! Сезімім әлі арпалысуда санаммен!!!
VVVWWW
Таң атпай тамаша поэзияларға қарық болдық ау, жаңа ғана мына өлеңді оқып риза болып отыр едім:
Сен келмедің,
Сен келгенде жүрек дертін емдер ме едің,
Сенделгенім, мен өзіңді ешкімге тең көрмедім.
Сенің сұлу сыңғырлаған күміс күлкің-
Жанымның дауасы еді-ау емдер менің.
Aidana90
Расында поэзияны жазу мен оқу жанды рахаттандырады… Жүрегімнен шыққан келесі өлең жолдарына баға бере отырғайсыздар!

Іздедім сені сарғайған сезім түбінен
Іздедім сені өмірдің жаз күзінен
Іздедім сені мүмкін бағым деп біліп
Іздедім сені сабырменен, төзімнен

Көрген сәтте бір өзіңді өзгердім
Көз алдыма бақытты сәттер тізілген
Бұл не өзі түсінбедім әліге
Жалғасы ма үміттердің үзілген…
VVVWWW
Бірінші шумағы онша ұнамады (Мұқаңа еліктеп кеткенсіз), екіншісінің алғашқы екі жолы оқуға тұрмайды
Ұнағаны мынау:
Бұл не өзі түсінбедім әліге
Жалғасы ма үміттердің үзілген…
Өте жақсы айтылған, тамаша сөз
Сосын өлеңдеріңізді бөлек-бөлек жазба қылып жазсаңыз жұртқа оқуға да, пікір білдіруге де ыңғайлы болар еді.
(Айтпақшы сыныма ренжімеңіз)
Aidana90
Сын көтере алмаған адамға қалам ұстап қажеті жоқ деп ойлаймын. Сондықтан еш уайымдаманыз… Бөлек жазбаларға келсек жақсы айттыңыз есте болсын!!!
Jako
Айдана, негізі Айдана атты қыздардың бәрі ақын-ау сірә…
Aidana90
Жако аға аманбысыз!!! Мен сіз танитын Айданамын ау!!! Қайран елім жетімсіреп калыпты… Бір сөзіңізде Айтабердемін деп жазыпсыз ізіңізді суытпай іле шала артыңыздан жол тартқан түрім!!!
Jako
Басе жаным-ау,өзім де солай ойлап едім, Жетісудың Айданасы болар деп.Ақ жол қалқам!
Aidana90
Рахмет ағасы!!!
Aidana90
Мұқаң дегеніңіз ақиын ақын Мұқағали жайында болса, олда мүмкін дегім келед… Бір ағынның суын ішіп, бір таудың бөктерінде туылғанымызды ескере, екпінін бала кезден жырларын жаттап сірірген болармын!!!
yesbolat83
Айдана, пікір жазғандардың бәрін плюстеп жатсың. Мені де плюстеші. ))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.