Сүйем сені

Шын сүйемін!
Суйеді екенмін бір өзіңді
Сағынамын бірге жүрген кезімді
Еркелеген, күлген сәттер бір жүріп
Ертегідей көз алдыма тізілді

Құшағыма ап БОТАҚАНЫМ деуші ем
Күлімдеп әр кез маған еркелеуші ең
Алтыным десем артық емес, емес кем
Бір өзіңмен ешбір жан жоқ теңескен

Сүйем сені
Мейлің сен, сенбе мейлің
Антым осы тек өзіңді сүйем деймін
Қасыма қайта оралшы КҮНЕКЕЙІМ
Мәңгілік махаббатты жыр етейін…

Бұл шығармашылықтың туындау тарихы, маған айтылған ер азаматтың сыры болып шыққан сөзінің менің жүрегімнен жыр болып шыққан сәтті!!!

9 пікір

  • Korkem
  • +1
Нашар!
  • Aidana90
  • 0
Рахмет!
Өз жазбаларымды алып, ойланып толғануға берілген мүмкіндік деп қабылдадым!!!
avatar
  • Kan
  • +1
өзіңіз жақсы көріп жазғаныңызбен, жүрегіңізден шыққан сөз болғанымен Өлең сәтсіздікке көп ұрынған. Талдасақ талап жепқоятын тұріміз бар. Әйтседе ахаббатыңыз сәтті болғай.
avatar
  • Jako
  • +1
Сол құрғыр (махаббат) сәтсіз болғанан соң, сол күндерді еске алып, оның әрбір айтқан сөздерін,істеген қылықтарын ойға ала отырып, сол адамның өзі болып жазған өлең ғой байқауымда.Бізге ұнамауы да мүмкін, бірақ адам өлеңді өзі жеңілдеу үшін өзіне ғана жазатын кезі болады.Менің түсінігімде бұл сондай өлең.
avatar
  • Kan
  • +1
рас айтасыз. Кейде осындай өлеңдер сәтсіз болсада өз жаныңа тыныштық әкелетіні рас. Сізбен толықтай келісемін.
  • Aidana90
  • 0
Мен жоқта жазбам біраз сынға ұшырапты…
Рахмет сіздерге!
Бұл пікірлерден соң өз жазбаларымды сіздердің талқылау орталарыңызға салуды үйғарып отырмын… Ана құрсағынан шыққан бала жақсы жаман болып бөлінбейді ғой, сол секілді қалам ұстаған жанда дәмдісімен дәмсізін ажырата алмайды екен. Біздердің ойларыныз мен үшін шыңдалу!!! Болашақта ұсынарымада адал бағасын беріп ойларыңызды жазып отырсаңыздар!!!
  • Aidana90
  • 0
Jako аға басып айттыңыз… Көкірекке тіскен батпанды басқан еді кезінде… мен үшін сонысымен жақын… Бұл жазба ел үшін емес мен үшін ғана өмірге келген екен!!!
Рахмеееет!!!
  • qyrmyzy
  • +1
Қалай? Түсінбедім?
avatar
  • Kan
  • +1
Жако адамның қиналған сәттегі жан күйзелісі өлеңмен жазатын адамдар жайында айтып жатыр. Ол өлең сәтсіз болсада жазған адамның өзі сол өлеңменен жұбанады деген сөз.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.