Алланың сыйы

Таусылмайтын махаббат /

№3 қатысушының посты




Қыздың жақсы жігітке шығуы, жігіттің жақсы жар таңдап алуы жеңіспен пара-пар. Алдымен жеңіске жету қымбат, ал жеткен жеңісті баянды ету — одан да қымбат. ©
Мен сол жеңіске жеткім келеді. Мына бір тамаша байқауды көріп СІЗ жайлы біраз сыр ақтарғым кеп еді, болатын емес. Өзіңіз үйреткендей жұмбақтау боп қалар ма екем?!

Жылы үйде, мамықтай жұмсақ төсегімде тәтті ұйқыға беріліп жатсам ұялыма хабарландыру келіп түсті. Ұйқымды қимай, көзімді ашып едім таң атуға шақ қалыпты. «Алғашқы қарыңмен!» Сізден! Таң көңілді басталды. Бірақ «көңілді таң» мен де жиі болмайды. Өкінішті.

Сіз тіпті түсіме де сирек… жоқ, мүлде кірмейсіз. «Түсіңде кімді көрсең, сол адам сені ойлап жүр» — дейді. Сірә, мен сіздің түсізге күнде кіретін шығармын…

Сізбен кездескенде ылғи үнсіздік орнайды, бірақ соны Сіздің де менің де жаным қалайтындай. Үнсіздік… Үнсіз тілдесу… Үнсіздікті түсінбеген адам, оның сөздерін де түсіне алмас. Мен сіздің әр қадамыңызды жатқа білемін, ымыңызды сөзсіз ұғам. Мен… мен… сіздің күлкіңіздің дәмін білем.

Кей-кейде Сіздің сабырлылық тұнған көзіңізден, сөзіңізден жалығып кететінім рас, тек Сіздің жүрегіңіз мені жақсы көруден шаршамасын.

«Сыйлаймын. мхм… сүйемін» Сіздің сөздеріңіз. Ұяңсыз, күлкім келеді.

Күн біреу нұр төгетін көктен жерге,
Қызғалдақ бір гүлдейді көктемдерде.
Шын бақыт екі айналып жолықпайды,
Қол сілтеп, көзін жұмып кеткендерге...
Сабырыңыздың мерзімі тым ұзарып кеткенде Сізге сырттай ренжіп, іштей ұрысысып аламын. Алайда, мүлде, мүлдем Сізге көз жұмып, қол сілтей алмайды екенмін.
Себебі Сіздің маған деген махаббатыңызды Алланың маған берген сыйы деп білем.

Сыйлаймын, сүйемін…

10 пікір

Korkem
Жолдастар! Шатаспауларыңызды өтінемін. Пост Байқау бойынша жарияланды. Көркем — ұйымдастырушы, автор — құпия.
m170785
қазылар да құпия )
qyrmyzy
таңмен смс жазатыны кучт кен. Андай смстен соң қалай ұйқтайсың
Kan
Керемет жазылған. Сезімдерге тұнып тұр.
mairosh
Күшті әсерлі етіп жазыпты, жылағын келеді екен:((
qyrmyzy
қандай күшті демаласыңдар....
didi0393
«Сабырыңыздың мерзімі тым ұзарып кеткенде Сізге сырттай ренжіп, іштей ұрысысып аламын.» сiздi тусiнем…
Zhanat
сыйлаймын, сүйемін қандай әдемі сөздер
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.