Ішімде айтылмаған сыр қалмады

Таусылмайтын махаббат /

№2 қатысушының посты


Қыз деген — ренжiту үшiн емес — еркелету үшiн, айғайлау үшiн емес — аялау үшiн, алдау үшiн емес — армандау үшiн, ұру үшiн емес — сүю үшiн жаралған. ©



Мен оны ең алғаш досымның тойында көрдім. Сыртта таныстарыма амандасып болып iшке енсем, әсем безендiрiлген әдемi мейрамханада қалың жұрт жиналыпты. Көзіммен ақырын достарымды iздей бастағанымда, көзiм терезе алдында еліктің лағындай кiп-кiшкентай бойжеткендi көзім шалды, көз жанарымды тайдырып әкетiп, кайта көзімді салдым. Жердегi қызыл жемтiгiн алыстан бақылайтын қара құстай, алыстан сол бiр жанға ауық-ауық үздiге карадым.

Көзіммен көзіміз түйісіп кеткен сәтте… мені бір бұрыннан танитындай басын изеп, жылы жүзбен амандасты. Оның бұл қылығы менің одан әрі дегбірімді қашырды. «Апырай-ай, бұл қай қыз? Қайда таныстық? (сол уақытқа дейiн таныскан қыздарды ұмытып қалатын әдетімжоқ едi) Не де болса жақын барып тiлдесейiн...», — деген оймен солай қарай бет алдым.

Ойымды тамаданың:
— Жастарды шақырайық. Жар-жар айтайық, — деген сөзі бұзды.

Сонымен ырду-дырду той басталды. Беташар ашылып жатыр.
Ұялы телефоным шылдырлайды, қарасам жұмыстан екен. Еріксіз сыртқа шығуыма тура келді. Тығыз жұмыс шығып, кетуге мәжбүр болдым. Тойды тастап, жұмысқа кеттім.

Кетіп бара жатып сырттап бір топ сыныптастарымды кезіктірдім, ішінде бір айдан кейін тойы болатын Тоқтар да бар екен.
— Қайтып кел, сені Саямен таныстырамын. Ұл жолдас боласың, — деп шығарып салды.

Бетіме қарап жымия күлген сұлу есімнен кетпейді.
Уақыт өтке келе әлгі той болған жолдасымның той бейнежазбасын сұрап, оның кім екенін анықтағым келген. Алайда, жодасыммен кездесудің сәті түспеді.

Бір қызық болды. Тойға шақыру қағазы келіпті «Тоқтар+Сая». Ал суреттегі қалыңдық… неше күннен бері түнгі ұйқыма маза бермей жүрген ғашығым еді.

Өз-өзіме ашуландым осы уақытқа дейін құдды бір сұлу көрмегендей сол бір рет көрген қызды ойымнан шығармай жүргеніме.

Бұл сырды ешкімге тіс жармай өзіммен алып кетермін деп ойлағанмын. Жора-жолдастармен бас қосқанда өз-өзімнен қуыстанып, өзімді кінәлі сезінетінмін.
Уақыт деген өз дегеніне жеткізеді ғой, күнделікті күйбең тірліктің астында ол ойлар мен сол бір ғашығым ұмытыла бастады.

Саяны содан кейін әлі көргенім жоқ, тек досымның майл.рудағы суретінен көргенім болмаса…



Міне, осылайша мына бір байқаудың арқасында ішімде айтылмаған сыр қалған жоқ.

15 пікір

Korkem
Айналайын, жұртым! Мына пост байқау бойынша жарияланды. Яғни, авторы құпия, мен ұйымдастырушы ғанамын. Түсіндік қой, иә?Қатысыңыздар!
m170785
Жаңадан недавно қосылғандарда түсінген шығар енді
Kan
Көркем өтінемін түсіндіріп жіберші. Осы байқауға қалай қатысамын. Ақымақтығым үшін кешір
yesbolat83
Қызық оқиға екен.
Өкінішті-ақ.
Жұмысы шақырмағанда Тоқтардың құрбысы екенін біліп, жүрегі осыншама қайғыға булықпаспа еді.
Саяны содан кейін әлі көргенім жоқ, тек досымның майл.рудағы суретінен көргенім болмаса…
Мүмкін, сол суретке ұзааақ көз алмай қараған болар.
Аяп кеттім.
didi0393
jal'((( juregim auyryp kettiiiiiiiigoi…
m170785
жалғыз менім ба десем, бәрінікі екен
Delfina
Ол ғашықтық деп ойлайсыз ба?, сіз тек бір көрген көркіне ғана ғашық болып жүргенсіз ғой)))
Jako
Ғашықтық қандай болады?
Zhanat
ғашықтық бір көргенен басталмай ма, әлде батыстық елдердікіндей басталама еліміздің батысында
aliya2291
gawyk bolmagan adamnyn kolynan jaksylyk jasau kelmeidi!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!eeeeekeeeeennn
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.