Сіз қалай сүйесіз?

Таусылмайтын махаббат /
Ғашық кезінде ешкім ештеңеге талдау жасап жатпайды. Психологтар бәрін бөліп, топтағанды жақсы көреді. Псигологтардың айтуына қарағанда, махаббаттың 6 түрі бар;
1. Эрос. Құмарлыққа толы махаббат, құлай сүю, ғашықтар сүйгеніне қол жеткізуді күндіз түні армандап, қияолдап, бас ұрып, құмарлық отына күйіп күн кешеді.

2. Людус. Бұл шынайы махаббатқа жатпайды, махаббат ойыны деген жөн. Алып ұшпа сезім. Ұнаған жанға қырындап, көңіл білдіру. Бір ару жігітпен қатар кездесіп, ішінен өзінің шынайы махаббатын іздейді.

3. Сторге. Рухани махаббат, махаббат достық. Әдетте ұзақ жыл дос болып жүргендер арасында өрбиді. Құштарлық болғанымен, мұндай жұптар арасында бір біріне бауыр басу сезімі басым.

4. Прагма. Есепке құрылған махаббат. Егде тарқан ер адам өзіне сұлу да жа жарды сатып алады. Екеуі де сезімдерінің есепке құрылғандығын жақсы түсінеді, сондықтан алдымен ақысын төлеп, кейін сезімге үлкен жол ашылады.

5. Мания. Сүйгені қасында болса, өмірі жұмаққа, сүйгені жырақтаса, өмірі тозаққа айналатын, қызғаныш пен бақытқа толы романтикалық махаббат. Бұл адамды ақыл естен айыратын ессіз. Көзсіз сезім.

6. Агапе. Құрбандыққа толы махаббат. Ғашық жан сүйгені үшін ғұмыр кешеді. Екеуінің қарым қатынасы құрбандыққа толы. «Сені бақытты ету үшін бәрін де жасаймын» деген сөзді жиі қайталайды.

Әйел мен еркектердің махаббатқа көзқарастары әр түрлі, әр қилы. Еркектер эорс пен людусқа әуес, себебі олар тән тояты мен әркімге бір қырындағанды жақсы көреді. Әйелдер сторге немесе прагмені құптайды. Екеудің қатынасы егер екеуі махаббаттан бірдей нәрсе күтсе ғана берік болмақ. Мәселен еркек тек тән тоятын ойлап, әйелі рухани жақындықты жоғары қойса, жұптық өмірлері ұзаққа созылмауы мүмкін.

6 пікір

qyrmyzy
6-типтегі махаббатқа қарсы емеспін.
Albina97
хех күшті жазылған негізі 5шісіндегі «Сүйгені қасында болса, өмірі жұмаққа, сүйгені жырақтаса, өмірі тозаққа айналады» деген рас сөз
Jako
Жарайсың Мәке,құлаққа енетіндей анализдер екен.Өзіме ұнағаны«Сторге».
Kan
Менің бастан кешкен махаббатым осы «Эрос» сезіміне көбірек келеді екен. Жақсы жазылған пост
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.