Аяқталмаған хат немесе жаңа жылдағы сыйлық

Таусылмайтын махаббат /
Сірә, адам баласы болашаққа өткен өмірінсіз бір қадам да аттап баса алмаса керек-ті. Болашағыңды бала күнсіз елестету бекершілік. Бала күніңді ұмыту деген – бүкіл өткен өміріңді жоқ еткенмен пара-пар. Барлық алғашқы дамудың сатысынан өтіп осы күнімізге жетіп отырған жоқпыз ба.
… Жылдың жаңаруына санаулы күндер ғана қалды. Ерсілі-қарсылы қарбаласқан адамдардың жүзінде күлкі мен қуаныш. Барлығы дерлік бір өзгерістің болатынына сенетіндей. Жүздеріне зер салып қарасаң әлдебір жаққа асыққандай кейіп байқайсың. 3-ші сынып оқушысы, кішкентай Ақбереннің да бойында қуаныш торлаған. Осы жұртпен жағаласып күтіп-ақ жүр. Көкейінде жаңа жыл – жаңа өзгеріс алып келетіндей болып тұратын да қоятын. 31-і жақындаған сайын тыпырши түседі. «Иә, маған қандай сыйлық әперетін болдың?», «Асықпа, уақытында көрерсің». Күткен уақыттың осындайда өтпейтіндігіне қайран қалмасқа шараң жоқ. Биыл жылдағыдан өзгеше болатын секілді. Белгісіз… Сондай бір сезім. Анасы торт, түрлі тәттілер пісіріп дайындалып жүр. Ал әкесін «қашан келедімен» сарылып күтіп жүр. «Биыл басқаша сыйлық жасаймын деп уәде берген». Мектебіндегі жаңа жылдық кеш те ойдағыдай өтті өзіне. Бәрі тамаша! Көңілде еш уайым жоқ. Тек 31-і келсе болғаны.
Бүгін 29-желтоқсан. Сыртта асыр салып жүрген балалар. Қолда «жарылғыш» заттың неше түрлісі бар. Анда да, мұнда лақтырады. Ол бір кезде қызық көріп өтіп бара жатқан адамдардың аяғының астына тастап жіберді. «Әй, бала, адамды ажалынан бұрын өлтіре алмай жүрмісің? Жүрегім жарылып кете жаздады ғой». Жымың қаққан күйі тұра қашысты. Көрші әжей. Олар бір топ бала. Жағалай жүріп отырып Арыс өзені жаққа аяқ басты. Міне, керемет! Нағыз қызық мұнда екен ғой. Қалың тоғайдың аппақ көрінісіне көзің тоймайды. Тіптен ерекше деуге болады. Арыстың кей тұстарына мұз қатқан. Мұзға қарап тұра жүгіріскілері келді. Көңілде қорқыныш та жоқ емес. Орталарындағы ересектеуі Бекмұрат сақтандырып жүр. «Бармаңдар! Мұз жарылып кетеді». Оның сөзін бірі тыңдаса, енді бірі қаперіне ала қоймады. Келер жылы біріншіге баратын әумесер Сапарға қызық. Өзенге қарай жақын келіп ойнап отырғаны сол-ақ екен, ары қарай күмп берді. Өзен дегенде үлкен емес еді. Өзеннен бөлініп ағатын сағасы. Үлкен арық деуге келеді. Сапар еңіреп батып барады. Мына суықта ешкімнің батырлыққа барғысы жоқ. Сол-ақ екен, Бекмұрат тұра жүгіріп дәп бір кинодағыдай бар киімімен баспен сүңгіп, Сапарды алып шықты. Дәл жаңа жылдың қарсаңында Сапар екі күн жатып қалды. Айта жүрер әңгіме болды. Балалар күліп мәз. Бемұраттың ерлігі аудандық газетке жарияланды.
31 желтоқсан. Қызық. Ақберен бүгін Аяз атаға хат жазғысы келді. Қуанышты сәттерін жасырып қалғысы келмегендей. «Не жазсам болады? Жоқ. Маған сыйлық керек емес. Әкем үйіп әкеледі бүгін». Аяз ата оның хатын ала ма? Оқыр ма екен? «Сәлеметсіз бе, Аяз ата! Сізді теледидардан көргенмін. Сосын хат жазғым келді. Маған Сіздің сыйлығыңыз қажет емес. Мен тек Сізді жаңа жылмен құттықтағым келді. Бүгін жұмысыңыз бастан асып жатқан болар? Менің арманым кө-өп, мен болашақта есейген соң Сізге тағы да хат жазамын. Сол кезде Сіз маған бұрымы ұзын, әдемі қыз тауып беремін деп уәде беріңіз.» Кенет, сыртта мәшиненің гүрілдеген дауысы естілді. «Алақай, әкем келді, әкем келді, маған сыйлық әкелді-і-і.» Аяз атаға деген тілек аяқталмаған күйі бір бұрышта жайына қалып қойды.
Бұл 2000 жылдар еді…

39 пікір

qyrmyzy
сенің хатың ба?
khairbek
Соңғы өңделген уақыты:
khairbek
Жақында жаңа-жыл емес – жаға-жұл басталады. Масайған жұрт бір-бірінің жағасын жұлады. Білесіз, ол – 1 қаңтар. «Исаның туған күні» деп кәпірлер бекіткен мейрам. Бірақ, Исаның туған күнін солардың өздері де нақты білмейді. Алла-Тағалам өз құдіретін білсін деп, барлық өсімдік, шөп атаулы сарғайып кеткен қақаған қыста шыршаны жап-жасыл кейпінде қалдырған. Сол шыршаны шайтан ой салып, адам баласына өз қолымен кескізіп, жаңағы «туған күнге» пайдаланған. Оны кескізудегі мақсат – Аллаһтың шеберлігімен жыл он екі ай жасыл кейпін сақтайтын шыршаға қаскүнемдік жасау. Шайтан жылына 6 миллиард шырша кестірсе де шыршаны жоя алмайды. Бұл – Аллаһтың құдіреті.

Біле-білсеңіз, шайтан өш алуға белсеніп кіріскен. Аспаннан төмен ағып түскен метеорид, періштелерден ақпарат ұрлап қашқан шайтандарға атылған оқ еді. Ал, «хлопушка-салют» соған қарсы ойлап табылған шайтани қару. Қытайлықтар уды бізден алып, содан «хлопушка» жасап, сыртын орап, жылтыратып өзімізге кері сатады. Жаңа жыл қарсаңында осы бизнестен Қытай мемлекеті 2 миллиард доллар шамасында пайда түсіреді. Ал, біздің әумесерлер сол «хлрпушкамен» экологияны бұзып, улы түтініне өздері тұншығып шаттанады.

Ұрпағын алдау-арбаудан шаршамайтындар шыршатой кезінде не жасамайды дейсіз? Бір ғажабы, осы «мейрамның» насихаты өте күшті. Теледидарға үңіле қалсаңыз бүтін әлем тек шыршаның төңірегінде, аяз-атаның айналасында жүргендей сезіледі. Жоққа нанып, өтірікке мәз болған бір жұрт. Тәтті торттың үстіне шырақ шаншып, сол шырақты бала-шағасымен жабылып, күшеніп үрлейді келіп. Ақыры өшіріп тынады. Ал, соның қандай ишара екенін ойлап көрдіңіз бе? Ол дегеніңіз, лағынеті шайтанның: «Бақытты, тату-тәтті, шалқыған шаңырағыңның отын осылай өшірем!» дегені емес пе. Сұмдығы сол, осы жаман әрекет қазақтың той-томалағында алдымыздан жиі шығады.

Бұл жаңа жыл ешқашан ішімдіксіз өтпейді. Арақ-шарап судай төгіледі. Жаңа-жылда сұм-сайтан саясаткерлер экономикасының қалай айналатынын кім біледі? «Балмаскарад» киімдері, мерекелік маскалар, сан қилы шампан-сусындары, қызылды-жасылды жылтырақтар, жыпылық шамдар, жарылғыштар сияқты, санасаң сан жетпейтін теңге жалмағыш «одноразовый» тауарлар сауданың «сәнін» кіргізеді. Егер соларды сатып алсаңыз, сіздің де соған үлес қосушылардан болатыныңызды ұмытпаңыз! Яғни, садақаға сараң бола тұра, бөтеннің мерекесін тойлап, ысырап амалдарға жол бергеніңіз үшін Алланың алдында сұраласыз.

Бұл мейрамды дәріптеп, жыр-тақпақ айтқандарға аяз-ата сыйлықтар береді. Анығында, аяз-ата емес, баланың ата-анасы тәтті сыйлықтарды өздері дайындап қойып, бейкүнә, аңқау сәбилерге аяз-ата арқылы бергізіп, баланы сәби шағынан алдап, өтірікке үйретеді, әрі жаңа-жылға ынталандырады. Мемлекет бойынша қазақ бүлдіршіндеріне жасалып жатқан ең үлкен қиянат осы. Өтірікпен тәрбиеленіп өскен балаларға өкпелеудің өзі артық?

Аллаһтың бізге берген нығметі қандай еді? Жаратушының берген сыйы – кіп-кішкентай бір көзге әлемдегі барлық рахат атаулы теңесе ала ма? Егер Аллаһ емес, аяз-ата беретін болса, осы мейрамды дәріптеп жүрген шет елдіктер неге осы уақытқа дейін біздің жердің байлығына құмар? Мұнайды аяз-аталарынан сұрап ала салса қайтеді? Қазақ елінде шаруасы қанша?
ПЫ/СЫ ГУГЫЛ АМАН БОЛСЫН
zhomart
Өз пікіріңді де айта кетпедің бе?
khairbek
Өз пікірімде дәл сондай)))))
khairbek
Менің мақсатым сендерді сендіру емес, менің мақсатым щындыкты айту, қабылдайсыздарма қабылдамайсыздарма өз еріктерін, қашанғы көзімізді жұмып келеміз
шындықты айтатын кез жетты(((((
sultan_yerkebulan
Мынаған менде қосылам, бірақ қазаққа сіңген ғой әбден, бірден тоқтату мүмкін емес, менің ойымша жүйелі түрде насихат керек сияқты.Біреудің қаңсығы, біреуге таңсық демекші шет елдің бірдемесін көрсек бірден есіміз кетеді.
khairbek
я тусынем бырден токтату мумкын емес, бірақ сол тоқтатуды казр бастау керекко кашангы созамыз?????
жас болсакта бырдеме былемыз сол былгенды айту кереккко енды
Шеттен шыгып ештене жазбаган сияктымын
)))
sultan_yerkebulan
ия, бастау керек, тойшыл ағайынға жексұрын болсақта, тойлағанды жақсы көреміз жасыратыны жоқ, бірақ біреудің сойылын соққанша,өзіміздің ұлттық нәрселерімізді дәріптеп, дінімізді қастерлейік.
khairbek
Өте Дырыс айттын, мукын быреулерге унамармыз, мукын быреулер жактырмай кетер сонда да быз айтуга должынбыз себебы ертен мына быз айтпасақ бызге келып сырттан быреулер келып айттып кетпейды
осылай жүре беретын болсак бара бара бұзылып кетемыз
НАзарыныз бізде болсын!!!
sultan_yerkebulan
«Біз қазақ бұл күндері кіммен доспыз,
Адасып айдалада жүрген көшпіз.
Арабтың тіліндегі дінмен емес,
Арақтың түбіндегі жынмен доспыз»,-дегендей осы мейрамның қарсаңында ішкіліктің ағыл тегіл болуы, кейіңгілердің тәрбиесіне мүлде кері әсер
khairbek
я люблю Казахстан
Jako
Сенің Қазақстанды да,Қазақты да сүйетіндігіңе күмәндімін.
Соңғы өңделген уақыты:
khairbek
ой Жаке бұ не дегеныз?
Ялсаныз нетты?
бар айыбым шындықты жазганымба?
Жала жабу — жеке немесе заңды тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, беделін түсіретін жалған мәліметтер тарату. Жала көпшілік алдында сөйленген сөздерде, көпшілікке таратылатын мәлімдемелерде, ақпарат тарату құралдарында орын алуы мүмкін.

П/С Википедия татеге рахмет
Jako
Кайреке, мен жала жауып жаткан жокпын, куманданамын дедим
khairbek
Құмандануыныздын себебі неде?
Мен нестеп қойыппын?
Бар айыбым Жанал жыл туралы жазганмба?
(((((
Jako
казакша шрифтеримди шыгара алмай жатырмын, панел задачадагы шрифти ауыстыратын ариптер жок болып кетти, шыгара аплмай койдым
khairbek
менын стилымде жаза берыныз мен сызды тусынем
жогардагы сурагыма ответ кутем))))))))))))))))
Jako
Сіз Қайреке,қазақтың титтей тырнақ астындағы кірлерін қырып алып түйедей қылып айызыңыз қанғанша айқайлайсыз, мен бұдан соң сізге күмәнданбағанда не істеймін. Несіне жазамын, сізге дауа жоқ.
khairbek
тырнақ астына кір жинауга болмайт!!!
Ертен ол жинала берет жинала
Айтпайма Теныз тамшыдан құралад тау тастан құралад
Сосын создын сонын саган дауа жок деп аяктауды койыныз Жакыпбек тате бізде агаларды тате дид
мен қазақпын қазаққа еш қарсылыгым жоқ
тек кейбір амалдарын айтыватрмда
Осы бізге унамайтын пікірлердін неше түрлісі жазылватр, көзімізді жұмып анжерымызды қысып отрыққо
Ал пікір жаза қалсам болды Бұл бала битты бұл бала ситты деп согесыз де турасаыз согесызде турасыз
Соңғы өңделген уақыты:
didar
shift + alt ті басып жібер, айналайын!
zhomart
Дүмше молда ел бұзар… Жоқ, дұрыс. Бірақ, бауырым, ең алдымен қазақшаңды туралағын. Түсінбеймін, неге біліміміз жетсін, жетпесін бірдеңе болса діннің атын жамылып шыға келеміз осы? Қит етсе, неге періште боп көрінуге құмармыз? Алдымен, өзімізден бастайық. Бұлай өркениет атаулының атасы болған Ислам дінін жабайы қылып көрсетуден аулақ болайық. Білмеген, түсінбеген жерімізді үлкен-үлкен молдалар бар қазір, солар айтсын. Ал, бір-екі кітапшаны оқып алып, не болса соны лоқси бергенше, өз иманымызды қуаттағанымыз абзал болар еді. Сосын… жазба сонау 2000 жыдарды меңзейді. Жаңа жылдың аты аталғанымен, жаңа жылды тойлау туралы ешқандай сөз жоқ.
Jako
Соны айтып түсіндіре алмай-ақ қойдым, айтсам мені бір дінсіз көреді.
korwinin_kyzy
… Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын
Ел бүгіншіл, менікі- ертеңгі үшін,-

******
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны
Маған ауыр осылардың бәрінен
Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны,-
деп Ахмет Байтұрсынов жырлаган екен
Жомарт үндемегенын абзал болар еды я токо писал правое слово.
pernebekova96
Иаа шын мәнінде болашақты бала күнсіз елестету мүмкін емес екен! Балалық шағыныздаң қалған керемет әрі тәтті естеліктердің бірі екен!
Соңғы өңделген уақыты:
yesbolat83
Керемет жазба. Әсіресе, балаларға тәрбиелік мәні зор. Қателеспесем, балалық шағыңның тамаша сезіммен еске алар ленталарының бірі болар.
AKA
Мәләдес! Жақсы туынды, оң бағаладым! :)
korwinin_kyzy
Келмейді бұл қазаққа сырттан қайғы,
Сырттағы елге өзіде сұқтанбайды.
Алдын алып көрмеппіз аурудың,
Дертіңде дер кезінде құнтталмайды.
Есіріп есі кеткен жас буындар
Ертең ұлық болғанда ұлтты алдайды.
Жастарында тәрбие тәлім болмай,
Жұлдызы жанып тұрған жұрт болмайды.
Ағаштыңда діңгегін ақтап тұрсаң,
Өріктің өзегінде құрт болмайды.
тамаща осы жолдар оте унады
Jako
Қайдан тауып аласың?)))) Қазақтың бәрі ондай емес қой, ал енді құбыжықсыз ұлт болмайды демей ме?
korwinin_kyzy
Жаке қазақтын бари сондай деген жокпынго, кім сондай соларга жолданганго)))))
korwinin_kyzy
Өмірде аз болған соң иманды шақ
Қазағым қай кезде де қиналғыш — ақ
Исламға иіс алмас болса дағы
Иегова, кришнаидке иланғыш – ақ
Сенімге селкеу түсіп жаңылған көп
Исаны құдай көрген Иван құсап
Өзге дінге көбейсе өтушілер
Сол болар тамырыңды қиған пышақ
Бір-бірімізбен жатпайық қырылысып
Екі дінге бөлінген Ливан құсап
Jako
Бір-бірімізбен жатпайық қырылысып
Екі дінге бөлінген Ливан құсап

Міне қарашы, менде осындай жағдайлардан қорқамын. Қазақты екіге бөліп, бірін дұрыссың, енді бірін бұрыссың дегендердің мақсаты осы емес пе екен деп біруақыт ойлансаңшы.
STR
Тамаша естелік екен. Барып келгендей болдым.
AKA
«Айтабер ауылының» сипаты айқын бейнеленетін тамаша туындыларыңнан паш-паш етсең, нұр үстіне нұр, варенье үстіне варенье болатын еді, zhomart . Сенің қолыңнан келеді :)
ai-naz
Өте жақсы дүние жазылған!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.