Махаббаттың бүгінгі таңда аясы қандай?

Таусылмайтын махаббат /
Махаббат — ұлы сезім дейді. ия келісемін барша әлем махаббат құралған. бірақ дәл бүгінгі таңда махаббаттың алар орны қаншалықты маңызды? жігіт пен қыздың махаббаты тұрмақ, ана мен бала махаббаты қаншалықты берік? махаббат ұғымы бір күндік қуанышпен ғана шектеліп қалғандай.

23 пікір

Kan
Махаббат еш қашан жоғалмайды. Ана махаббаты,әке махаббаты өшпес сезімдер. Жекелеген кейбір адамдардың сұрықсыздығына қарап барша қоғам, казіргі кезде махаббаттың «негізі бүлінді» деу қателік. Бірінші өзіңізге қараңыз сіз не махаббатты бір күндік сезімен өлшейсіз бе? Мен махаббаты берік ұстанам. Ата-анамның аманды жақсы көретінім сондай олардың амандығы үшін бәріне дайынмын. Жұбайыммен төрт жыл жүріп үлкен махаббатпен қосылдым. Казір баламды жақсы көретінім сонша бар ғұмырымды беруге дайынмын. Міне қазақтың барша азаматы осындай махаббатқа берік деп ойлаймын.
qyrmyzy
Жұбайыммен төрт жыл жүріп үлкен махаббатпен қосылдым.
мяяяяяяяяя, керемет қой :) Таусылмасын, бір-біріңізге деген махаббат бітпесін, сезім өшпесін :) Сіздің жолыңызды берсін:)
yesbolat83
Қан мырза жарадың. Мықты, мықты. Қазақтың барша азаматы осындай махаббатқа берік болсын!
qyrmyzy
:) Кан мырза бокеттім ба?
MSHERIMBEK
30 жаста тұрмысқа шыққың келеді ма сонда, ыхахаха? :)
qyrmyzy
қықы, несі бар?
ия әрине. махаббат бар, ол мәңгілік. алайда дал бүгінгі таңда қаншалықты жүрекке жылы? көпке топырақ шашпайын, дегенмен де кей адамзат баласы үшін махаббаттың мәні терең емес
qyrmyzy
заман, ғасыр, анау-мынау демейік, бәрі адамның өзіне байланысты! Сосын ТАНЫМДЫҚ БЛОГТҰҒЫРДЫ ФОРУМҒА АЙНАЛДЫРЫП ЖІБЕРГЕНСІЗДЕР МЕ? Екі апта кірмеп ем…
Jako
Ғашықтық деген ол құмарлық сезімінің адамдарға нәсіп етілген құралы.Сен қанша адамға көз салып,ұнатсаң құмарту деген сол, демек сонша рет ғашық болып жатырсың деген сөз.Ал махаббат- ол сенің жүрегіңнің түбінде арнаулы бір адамға деген іңкәрлік, жылылық,қимастық,құрмет сезімі.Ол сол адамға ғана арналады да, сол қалпында сенің өмір атты файлыңда сақталады.Мысалы ананың балаға, баланың анаға деген махаббаты.Ана баласына, болмаса бала анасына ғашықпын демейді, бірақ араларында бір- бірін қимастықпен сағындырар махаббат деген құдірет бар.Сол сияқты өмірде де адамға бір жан жолығып махаббаттың дәмін татқан адамдар бар, олар қосыла алмаса да, бірін бірі көре алмаса да, екеуі екі адамға жар болып кетсе де, балалы шағалы болса да жүректерінің түбіндегі әлгі файылды ұрлана ашып қарап, сағыныш мауқын басып,қимастық сезім жүрегін жанышса да соның бақытын тілеп жүреді.Міне бұл мәңгілік махаббат.Бірақ бұл барлық адамдарға міндетті емес, барлық жанның қолынан келе бермейді де.Махаббаттың құдіреттілігі де осында.
Jako
махаббат ұғымы бір күндік қуанышпен ғана шектеліп қалғандай.
Бұлай тұжырым жасауға болмайды, бұл өте қорқынышты...
MSHERIMBEK
Сіңлім, пост жазудың ережелері бар. Араб әлипбиімен емес, қазақ әріптерімен жазамыз ғой. Үлкен әріптер бар, дегендеей:) Келесі, постыңыз бұдан әлдақайда сәтті болады деп үміттенеміз:)

Ал, меніңше, ана мен бала махаббатына еш күмән келтіруге болмайды. Өмірдегі адамдар арасында қалған жалғыз махаббат осы меніңше:)
qyrmyzy
ық ық, бәріне не болған?
didi0393
Maaa koiwiw,menin mahabbatym we? menin aitaberge degen mahabatym we?)))) Olai bolmaid adamdar,omir ,tirwilik bar jerde mahabattyn barlyk turi bolady.
yfriend
Алия ханым, ата-ананың махаббаты ешқашан өшпейді. Өмірде ең адал жандар солар. Дос сатып кетер. Бауыр көре алмауы мүмкін. Өзгеге мүлдем сенім жоқ. Ал, ата-ана әрқашан бізге жақсылық тілейді. Сондықтан, ең бірінші досыңыз — анаңыз деп білем. Бәріміз де пендеміз. Бір-бірімізге жоғары талаптар қоймай, кешіре білуіміз керек. Махаббат жақсы сезім ғой, махаббатсыз жүрек қауіпті.
AKA
Минустадым!
yfriend
минустай алмайсың)))
AKA
Профилін қарап келіңіз, сестра. :)) Біздікі заказбен ғой :)
yfriend
Профилінде нең бар, жазбасын минустамайсың ба??(((
AKA
Біздікі заказбен ғой
yfriend
заказыңды сенің… бірнеше қыз жиналса, бастарың піспейді ия?
AKA
Не болД, жағдайың жақсы ма?!
yfriend
жаман болса, жақсартасың ба?
followme_alik
Алақандағыдай… елжіреген жүрек осылай сыр шертеді)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.