Білезік

Таусылмайтын махаббат /
Сәлем Айтаберліктер! )) Мұнда кірмегелі біраз болып еді, біраз жаңалықтардан құр қалыппын… )) Менің жаңалығым сол өлең ғой )) бір ақын ағам " саған көз тимесін, сөз тимесін" деп қолыма білезік салып кетті… )) кейін әңгімесі сәл өзгеріп кетті ))) сол кісіге жазған өлеңімді сіздермен бөлісіп отырмын! ))

БІЛЕЗІК

Мен жалғыз,
Сіз жалғыз,
Олдағы.
Үш тағдыр екі есе мұңдырақ.
Жалғыздық бақ па екен қолдағы,
Сүйгенді сүймейміз біз бірақ.

Төлеген шек қойды жолыма
Бекежан сіз бе екен шендегі.
Білезік салдыңыз қолыма,
Өкінтіп болашақ жеңгені.

Жан айқай биіктеп ұш сырлы,
Үш бұрыш әлемді дөңгелет.
Біздегі тағдырлар үш қырлы,
Білезік неге екен дөңгелек?!

Жетеле көгіме жалғыз жыр
Сүйгенім бағыма жар болсын.
Арқада көп Жібек жалғыз жүр…
Төлегендерің бар болсын.

4 пікір

Kan
Мағнасын сіз түсінерсіз өзіңіз. ал мен түк түсінбедім. Тек соңғы:
«Арқада көп Жібек жалғыз жүр…
Төлегендерің бар болсын. » дегеніңізді түсінген болдым. ал ұйқасы тым ұнамады. Бұл сың ғой ренжімеңіз.
JarkynNUR
Жога, ренжімеймін гой, ракмет! )
followme_alik
Қосуладым. Ұнады енді..._ Жазығым неде!?_) Тағы жаз… тағы)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.