Чайкалардың махаббаты немесе шағала қыз

Таусылмайтын махаббат /
Жас кезіңде махаббатқа зәру боласыңғой. Өзіңді жалғыз сезініп,әлде кімді сүйгің келіп,ғашық болуды күтіп үнемі аңсау, армандаумен жүресің. Осындай албырт шағымда мен бір қызықты хикаяны бастан өткіздім. Сол жайында сіздерге қысқаша айтып берейін.
Темір жол бектіне асығып келемін. Ауылға бүгін жетуім керек. Әлі билетте алғаным жоқ. Жанталаса поезд вагонына барсам адам деген қаптап тұр. Жол серігі (провадник) ешкімді билетсіз кіргізбей жатыр. Не керек билеті барлар мінді кейбір билеті жоқ пысықтарда мініп кетті. Міне алмай мен қалып қойдым. Қанша сөйлессемде Жолсерігі келіспеді. Басым салбырап кері кетіп бара жатыр едім бір жағымды дауыс «Сізде билет алмап па едіңіз?» деді. Артыма жалт қарадым. Көздері мөлдір, аққұба өңді, талдырмаш келген,үстінде аппақ курткасы бар бір бой жеткен маған қадала қарап тұр. Бейне періште көргендей сасқалақтап қалдым. Зорға дегенде:
— Иа билет алмаған едім.-дедім.
— Менде алмап едім мінгізбей қойды, енді қайтсем екен маған ертең жету керек-деді ашыла сөйлеп. Мен жалпылдап есі шыққан баладай:
— Мүмкін таңғы кезектегі поездға алармыз-дедім
— Иа солай етейік басқа амал жоқ-деді.
Екеуміз бұрыннан таныс кісілерше тез тіл табысып кеттік. Ол өзінің студен екенін айтты. Біраз әңгімелесіп тұрып кассадағы кезегіміздің қалай келгенінде аңғармаппыз. Мен билет алайын деп ақшамды ала бергенім де:
— Мменің билет алуға ақшам жетпей тұр – деді. Аузын бұртитып аянышты кейіппен. Мен шарқ ұрып:
— Мен өзім аламын ғой-дедім. Ақшамды алып шығып.
Не керек билет алдық. Одан кейін асханаға барып тамақ ішіп алдық. Қыдырдық сосны үйге қайттық. Келесі күні поездбен бірге бардық. Бізідң тым жақын болғанымыз соншалықты. Поезда өзге бірге бара жатқан кісілер бізді ерлі-зайыптылар деп ойлап қалыпты.
Ол өз бекетінен түсіп қалды. Мен одан айырылып қалдым. Енді көрмейтін шығармын деп ойладым. Онымен қоштасу тым ауыр тиді. Ол үшін барымды беруге дайын едім. Ол кетті мен қалдым. Жүректе бұлқынған сезім де қалды. Мен осылай ойда жоқта ғашық ауруны душар болдым. Ол жайлы күнде ойлайтынды шығардым. Тіптен кейін оны іздедімде. Бірақ таппадым.
Алты ай шамасындай уақыт өткен кез инуститутқа жұмыстарымен барғанмын. Екінші қабаттан түсіп келе жатсам мөлдір көздері күілімдеп,әдемі жүзінен шуақ шашып мен іздеген Майра ұшырасты алдымнан. Таң қалдым,қуанғаным сонша құшақтап алдым. Олда аң-таң мені көремдеп күтпеген тәрізді. Міне кездесу десеңші…
Не керек мен енді оны жоғалтқым келмеді. Қайда барса сонда барып соңынан қалмадым. Ол оқуға ақша төлей алмай жүр екен соны төледік. Сол жылы ол дипломын алды. Маған жұмыс тауып беруімді өтінді. Мен ол үшін ештеңеденде аянбайтынмын. Жүгіріп жүріп жұмысқа тұрғыздым. Біз бір жылдай араласып жүрдік. Жылдың аяғына қарай мен оған ұсыныс жасадым. Ол әлі ерте деп, түрлі сылтаулар айтып келіспей қойды.
Уақыт өтіп жатты. Мен ғашық болғаным сонша басым айналып қалды. Майрадан басқа еш кімге, еш нәрсеге қызықпайтын болдым. Соның кесірінен жұмысым кері кетіп. Ақыры тақыр күйге түстім. Ақшам таусылды. Күнделікті тамағыма табысты зорға тауып жүрдім. Ал Майра болса ақша сұратып қоймады. Шамам келгенше беріп жүрдім. Ақшаны аз беретін болған соң ба арамыз бір түрлі суып бара жатты. Маған салқын қарайтын болды. Бір күні Майра ұлы телефонды алғысы келетінін айтты. Екеуміз дүкенге барып ұялы телефонның бағасын сұрадық. Айтқан бағаларына менің қаражатым жетпеді тым қымбат екен. Майра болса ренжіп қалды. Оссындай жағдайлар жие қайталана берді.
Жұмыста отырғанмын басым қатып, дағдарыстан шығудың жолын қарастырып. Майра маяк тастады. Іле қайтара қоңырау шалдым:
Майра:
— Жанчик бүгін киноға барайықшы менің ішіп пысты-деді еркелей сөйлеп.
— Сүйіктім менде казір ақша жетіңкіремей жатыр кейін барсақ қайтеді-дедім. ақша жоқ деп айталмай күмілжіп.
— Не соншама бір киноға апаратын ақша табалмайсың ба? Мен дос қызыма айтып қойғанмын ол жігітімен келеді.
— Жарайды кешке хабарлас-деп қысқа жауап бердім де телефонды ағыта салдым. Ашуым келседе амал жоқ бару керек болды. Қалтамда не бары 5 000 теңге қалыпты. Амал жоқ барыммен барамын да енді.

Күтіп тұрмын. Күздің қара суығы өң бойымды мұздатып жіберді. Сәл уақыттан кейін Майрада келді қасында дос қызы бар. Келіп бетімнен сүйіп.
— Жан Айканың жігіті келмей қалды бізбен кіре берсін аха? Өзің төлей саласың ғой.-деді еркелеп. Жыным келіп тұрсада амалсыз басымды изедім. Бірақ өзім қысылып тұрмын ақшам жете ма екен сол жағын уайымдап. Майра ішке кірген соң:
— Жаным мына мың жарымның киносын көрейікші көптен бері осыны көргім келіп жүр еді-деді маз болып. Менің ақшам жетеді ма, жетпейді ма ол жағында шаруасы жоқ. Мен ақшамды үнемдеп екеуіне ғана билет алып жатыр едім. Майра жұлып алғандай:
— Өзіңе не алмайсың? біз сенсіз қалай кіреміз-деп қоярда-қоймай мағанда билет алғызды. Не керек сонымен ақшаныңда түбі көріне бастады. Киноға кіре берісте попкорум сатып тұр екен. Оны көрген Майра көзі жайнап оны алғызды. Сонымен ақша таусылды енді үйге қайтатын тиында қалмады.
Кино бітті. Біз шықтық. Майра мойныма асылып:
— Жан кафеге отырайықшы-деді. Ұялғаным сонша зорға дегенде
— Майра менде ақша таусылды-дедім. Ол ренжіңкіреп
— Туф жүр онда такси үста үйге барайық,үйге барып отырайық — деді.
— Менің такси тоқтататын ақшам да жоқ
— Немене қайыршы болып қалғансың ба?- деді. Сол сол-ақ екен. Менде көтеріліп кеттім. Өзімнің жұмысым жүрмей жүйкем жұқарып жүрген. Екеуміз біраз жерге бардық. Бір кезде Майра тұрып:
— Немене сенен басқа жігіт құрып қалды дейсің бе? Телефон шалсам жетіп келетін жігіттер жетеді-деді.
— Шал телефоныңды маған нәғылдейсің-дедім ашуға булығып. Шыныменде ол әлде кімдерге қоңырау шалды. Сол сол-ақ екен әп-сәтте машинамен екі жігіт жетіп келді. Ал менің сүйікті Майрам маған бұрылып қарамастан бөтен біреулердің көлігіне дос қызын ертіп алып мінді да жоқ болып кете барды. Әлдене бір көлікті тоқтатып, үйге баратын қалтамда көк тиінім жоқ басым салбырап, ұзын көшені бетке алып қорланған күйі, жандүнием алай-дүлей болып менде ақырын аяңдап кете бардым.
Міне осылай жалған сезім өшті.

48 пікір

Bieke
Бұндай қыздардын басын 2 жерінен жарып кету кереккой,,,,, Базар жок жазылган, Кудай жазасын береді алі ол кыздың,,,,,, Сорына біреу алі отырып кетеді,,,,,,,,,,,
yesbolat83
Кан мырза, қандай өкінішті. Шынымды айтсам мен сені қатты аяп кеттім. Сүйгенің үшін бәріне де баруға дайын ғой пенде деген, мен сені түсінем. Ол қыз сенің сезіміңмен ойнады, сені пайдаланып өмірдің қызықтарын молынан көргісі келгендей. Не деген айтқан сөзге ұқпайтын қыз еді. Дер кезінде құтылған екенсің. Ызаланып отырғанымды қарашы сол қызға. Мен доғарайын, көп сөйлеп кеткендеймінбе, калай.
Kan
Рахмет.Ер жігіттің басына не келіп не кетпейді.
yfriend
Құсық пост. Енді жылайық бәріміз қосылып. Еркексіңдер ғо не болд сендерге?
Jako
Құсық, yfriend, осы бір сөзді жазуға жиіркенбейсің ба? Ұнамады ма жақсы, оны жеткізетіндей басқа сөздерге қазақ тілі бай емес пе? Тегі бір ыңғайсыз сөз, тек сен ғана емес кейде қыздарда қолданып жатады, сол кезде солардың өздерінен жиіркеніп кетемін.
Kan
Аға әркәмің өз санасы бар, мейлі айта берсін. Дұрыс пікір жаза алмағандықтан солай қысқа қайырады да. Олар шын мәнінде құсықтың не екенін біледі ма десеңізші.
yfriend
Ағасы, әр сөзге қадала бергенше, жылауық постқа еркекше тоқтау айтсаңшы дегеннен басқа айтар жоқ.
Jako
Кан мырза жақсы жазылған. Бұл енді жалпы қыздарды жазғыру немесе кінәлау емес қой, десекте қазіргі кездегі қыздардың жігіттерді пайдалану мақсатында ғана жүретіндігі қоғамдағы жиі көрініс беретін әлеуметтік көріністердің бірі екені рас қой.Өкінішке орай осындай жағдайлар жігіттерде де кездесіп жатады.
Kan
И аға дұрыс айтасыз жігітердің де осындай пайда күнемдері жоқ емес барын менде растаймын. Мен бұл жерде жалпы қыздарды жамандам яки болмаса қыздардыңбеделін түсірейін деп жазбадым. Басты мақсат осындай адамдардың бар екені әрі ондайлардан сақ болу керек екенін жұрт назарына жеткізгім келді.
AL-ASTER
Жақсы пост. Көңілі таза адамдарға қалай ғана осындай адамдар жолығады. Жалпы мықты болу керек дегеннен басқа айтар жоқ, бірінші кезекте өзіме.
Қыз ақша үшін жүр ме, оны тексерудің мынадай қарапайым жолын өзіме мақсат қылы қойғанмын. Алғаш жақсы жерге шақырғанда, менюді өзіне беремін таңдай ғой деп. Есеп беру кезінде қымбатқа шықса, тапсырыс берген өзі өзіне төлетемін. Өзіме өзім төлеймін. Әділі осы. Себебі, көғңл үшін емес, басқа мақсатпен араласып жүрген сияқты әсер береді. Бұндай жағдай бірнеше рет болған және біз қоштасарда көбісі «Сен наглыйсың!» деп ренжіп кеткендер болды. Шындығында ешқайсысынан ештеңе алған емеспін, бар болғаны менімен жүріп, өздері үшін өздері төлегенінде.
Ешкімді жоғалтпаймыз, себебі ешкім ешкімге тиесілі емес дегеннен басқа айтар жоқ.
yfriend
Есеп беру кезінде қымбатқа шықса, тапсырыс берген өзі өзіне төлетемін.
Нағыз джентельменский поступок!!! Жүректі айнытпаңдарш, жылауықтар шетінен
didi0393
Kaz jigitter melo4nyi bopbarady.kyzga tolettiretin bolsa nesine kezdesedi?bul jerde mynadai kiturkylyk areket bar siakty: esli kyz unap kalsa ozi tolei salady po jentel'menski. A esli namai kalsa jmotski maskany betine tagyp alyp taip turad wgar.))))ai sovremennyi «jigitter» statusy sondai end kazir)))))
AL-ASTER
Смотря қандай қыз. Мысалы менің сестраларым бар, жақсы таныс қыздар, әлбетте ол жағдайда төлем жағынан ешқайндай проблема жоқ.

Бірінші рет жолығып, асты үстіне түсіп забашлять ететіндей не көрініпті.
AKA
Соны айтам, дұрыс!
ereke_enu
мың адам мың пікір))
yfriend
Алданып қалып қыздар жылап отыратын еді
mairosh
Кейіпкердегі қыздын есімі маған ұнамады:)) Бірақ тағдыр әркімді әр түрлі сынайды екен. :))
Kan
Сізбен атас болса да. Әр адам әр түрлі ғой
qyrmyzy
хехехехе, сен Майрошсың Ғүә!
mairosh
Аа яя мен Майрош екенмін ғүә))) Көп болды майра деп естімегенімді))
didi0393
lubit' nel'zya ispolzovat' kuda postavit zapyatuu???
zhano_almuhambet
После первого слово запитая нужна. В моем случае… У других незнаю
Korkem
Ақшасын жегізіп, алданып қалған қыздар да жоқ емес.
AKA
Айтееееп тасташиш
AKA
Не керек билет алдық. Одан кейін асханаға барып тамақ ішіп алдық. Қыдырдық сосны үйге қайттық. Келесі күні поездбен бірге бардық.
Жақсы ертегі екен. Мына жері ұйқаспай қалды ма, біртүрлі өтірік сияқты болып тұр. Кім кімнің үйіне барды сонда?! Сіздер қалайша бірге пойызға шыға қаласыздар?! Қалайша ақша сұрауға болады, ұят емес пе?! Осыны сіздің де түсінбей жүргеніңізге таңмын ше, он сегіз жаста болмаған шығарсыз ол кезде енді?! Әлде өтірік сұлулығына сеніп, бетіндегі декоративті сылағына құлай салғаныңыз ба?
yesbolat83
Осыны сіздің де түсінбей жүргеніңізге таңмын ше, он сегіз жаста болмаған шығарсыз ол кезде енді?! Әлде өтірік сұлулығына сеніп, бетіндегі декоративті сылағына құлай салғаныңыз ба?
Махаббат деген — ғашық болған адамды 18 емес 28-де болса да сүйгенінің ырығына көндіктіре беретін халге жеткізетін нәрсе ғой. Мүмкін, ол да сен айтқандай, сұлулығы мен бетінің сылағына құлаған болар бәлкім. Автор, менің ойымша бұл жазбаны жастарға сабақ болсын деген ниетте жазғандай ой қалдырады.
AKA
Қандай оймен жазғанын өзім түсініп алармын, оны өзіме қалдырыңыз. 28-де болса тіптен, осыншама жасқа келіп, түк білмегені қызық көрінді…
yesbolat83
Ол сенің өз пікірің, әрине.
AKA
Мен Күлзипаның пікірі дегем жоқ.
yesbolat83
Қатырасың )))
korwinin_kyzy
Субзерома не катыратын)))
yesbolat83
Аааай, көршінің қызы-ай, сен де субзеромасың.
korwinin_kyzy
мен суп-субзеромын ше))
qyrmyzy
мына пікір үшін оқыдым постты. ахахаха, қатырасыңи
Korkem
28… қоя бер оны, ұл өсіріп, қыз ұзатқан үлкендер де кеше аспаннан салбырап түскендей-ақ қылық жасайтындары бар. Бұлар немене өмір көрмеген бе деп ойлайсың, бірақ "өмірде бәрі мүмкін" екені шындық
AKA
Жо-жоқ, өзің ойланып қарашы, ұялы телефон алғызады, киноға барады, ананы әпер, мынаны әпер дейді… Бұл қайта жазылғаны, жазылмағаны қаншама десеңші?! Адам деген ойлану керек қой, «Мен керекпін бе бұл қызға, әлде ақшам ба?!» деп. Дәл осы оқиғада сенгім келмейді, себебі Kan мырза былайша айтқанда, «трезвый» адам ғой.
Korkem
иә, Кан мырзаның басынан өткені емес, керісінше оның жазбаларына ұқсайтын секілді))) Дегенімен, қыздан ақша түгілі өз басын аямайтындардың да өмірде бар екені рас. Кан мырза «трезвый» адамға кеше айналған шығар, өне бойы емес)))
Jako
бетіндегі декоративті сылағына құлай салғаныңыз ба?
Мына теңеу өрт, тамаша айтылған.
Соңғы өңделген уақыты:
zhano_almuhambet
Иәәә шпатлевка дей ме сонысы мінсіз болған шығар)))
AKA
Аааа, сосын айтпақшы, мынадай мақалаларыңызды Шымкенттен шығатын «Сырласу» сынды газиттер қабылдайды, сәттілік.
Kan
иа ақымақ болғаным рас. бетіндегі декоративті сылағына құлай салғаныңыз ба? деген сұрағыңызға иа құладым деп жауап беремін. Ал ертегі секілді дегеніңізгеде келісемін. Ол қызбен кездесуім тым қызыққа толы болды. Соны қысқаша жазғаным ғой. Толық жазсам ұзақ болып кетеді ғой
Соңғы өңделген уақыты:
AKA
Жәрайды, өткінші… Бастысы қазір аяулы жар, бақытты әкесіз!
STR
моралистердің де соқыр тағдырдан жапа шегетініне куә болдым, алғаш рет. жазбаға сенгім-ақ келіп тұр, бірақ автордың трезвості күмәнімді аса сейілте қоймады. япыр-ау
zhano_almuhambet
Автордың трезвый екенін айтыпты. Бір емес бірнешеуі… Мың жерден трезвый болып тұрсаң да сезімге ергенде қалай масаң күй кешуге болатынын басынан өткерген ғана білер. Сіз сол кісі жүрген жолмен жүріп, сол «сүрінген» (мұнда тура мағынада емес) тасқа маңдайың тимей тұрып үкім айтуға болмас. Бастысы сіз енді сондай адамдар бар екенін біліп жүресіз. Чайкалар көбіне көп шығар, дархан әрі жомарт азаматтар да азаймасын)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.