Білмедің ғой...

Таусылмайтын махаббат /
Ауыздағы тілім құрсау білесің,
Содан болар удай, ұлып тұр ішім.
Жүректегі тілім сөйлей бересің,
Ол ұқпайтын сенің үнің құрысын.

Көздерім де айта алмады сезімін,
Бет-әлпетім сездірмеді қызылын.
Іш күйсе де «білдірместің» өзімін,
Қайтем, намыс, арлы елдің қызымын.

Сөзім сұйық, даусым нәрсіз шыққанда,
Сен өзіңді жек көреді деп ұқтың.
Білмедің ғой «бөрі-намыс» бұққанда,
Дәл артында тұрғандығын еліктің…

8 пікір

jaksy jazylgan olen ,biraq deimin da bori namys dep jurip baqytymyzdan aiyrylyp qalmaimyzba?!
gulmyra
куштисин-ааааай, созим жок керемет… Саган 1 емес 10 дауыс берер ем, аттен…
kazakh_kyzy
Ой, рахмееет!!!
nurbanu_KAMAL
Көздерім де айта алмады сезімін,
Бет-әлпетім сездірмеді қызылын. Әдемі. Нағыз қазақы ұяңдық.
maulen
Әрбір қазақ қызақ қызының ар-намысы осындай болса ғой…
КУШТИИИ ЖАНЫМ ЖАЛПЫ БАРЛЫК ОЛЕНДЕРИН ЖАКСЫ ШЫККАН ЕКЕН
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.