Түн перісі

Таусылмайтын махаббат /
Бала кзімізде су перісі дегенді жиі естігенімізбен көре бермейтінбіз. Ал сіз адамзаттың тәтті ұйқысын ұрлап, ымырт түскен сәтті тағатсыз күтер түн перісін естіп көргенсіз бе?!
Жарқырап бір-біріне қарсы сәулесін шашып, бір-бірімен жарыса жанар мың-миллион қала шамдары кеш болысымен шаһарды шарпып өтер. Ешкімге зияны жоқ, керісінше пайдасы мол үнсіз ай да табиғи сәулесімен табиғатты қоса аймалап тұр. Желмен жарысқан көліктер де жын ұрғандай күндізгі жылдамдықтарын түн болысымен екі, тіпті, үш есеге арттырған.

Дүние осылай жанталасып жатқанда бейкүнә сәбиін бауырына басқан Ғайша күйеуін күтіп,әлсін-әлсін сағат тіліне көз сала, ұйықтап ктті. Көк теңіздің буырқанған толқынын еркін кешіп, жары Жасын екеуі демалып жүр. Ай сәулесі ақ маржан теңіз бетін шағылыстырып, ол да бұлармен ойнақтап жүріп, ол да қос ғашықпен қоса күлгендей. Жаңа ғана шашын саусақтарымен тарамдай түсіп, жанарына балқыған жарын кенет қу толқын өзімен бірге тереңге алып бара жатырды. Бірте-бірте Жасын даусы тұншыға жоқ болды. Ғайша селк етіп, шошынып оянды. Ашық тұрған терезеден қатты тоқтап соққан машина даусы естілді. Бойына қан таратар алпыс екі тамырын жүрегінен жұлып алғандай, бойы дір ете қалды. Денесі салқындап кетті. Сағат тілі таңғы 4:30-ды көрсетуде. Жасын әлі келмеген. Ғайшаның бойын бойкүйездік билей бастады. Ол әлі де есік жаққа елеңдеумен отыр.

Ертеңгі есігінен сығалап, терезесін қағар таңның бұған аяушылық танытпайтынын ол білеген де, сезбеген де еді. Жәутеңдеп күткен жары енді қайта есігін ашпасын әлі түсінбеген еді. Жолаушы тасып, нан табуға кеткен жары мәңгілік ғайып болғанын мойындағысы келмеді.
Сол сәттен бері Ғайша кеш түссе болғаны қала түніне қарғыс жаудырумен келеді. Бойындағы бар нәрі мен сөлін бауырындағы алты айлық сәбиіне арнап келгені болмаса, бұл өмірде ол тірі өлікке айналған.
Ғайшаның тарам-тарам болған көз жасы төсіне жармаса емген баласынын бетін жуып жатты.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.