Су перідей құлай сүйген «көбік қыз»

Таусылмайтын махаббат /
Көрген кезде жүрек-дүрсіл жиілеп,
Көздеріме қонақтады нұр шуақ.
«Сағынышым» жанды орнаған күйік ед,
Енді көңіл қуаныштан тұр жылап.


Қарағанда қалай ғана шыдадым?!
Соқыр болмай аман қалды жанарым.
Қайтем енді, өмір – сезім сынағын,
От – қазанда күл боп жанып барамын.


Айта алмастан артық ауыз сөз түйіп,
Ерінімді тістедім де бұрылдым.
Сезіміммен жалғыз қалған жез киік,
Бетпақдала шөлдеріне ұрындым.


Шарасыздық өртеді ғой жанымды,
Сағымдардан қол бұлғаған шаршадым.
Тіршілікке берер едім барымды,
Жүректегі өшіп бір күн қалса мұң...


Бірақ, қайдам, мендік сезім мәңгіге,
Ұласатын секілді ғой көріп сыз…
Махаббатым болып қалар әңгіме-
Су перідей құлай сүйген «көбік қыз».

19 пікір

maulen
Мағынасын етене түсінбедім, күл болған қыз, жалғыз қалған жез киік, аяғында «көбік қыз» ???
Жыр шұмақтарын қыз ұлға арнап тұр ма?
алде ұл қызға арнап тұр ма?
kazakh_kyzy
Сеніңше, «көбік қыз» сезімін қызға арнай ма?! Әрине, серігіме арналған жыр ғой...Қайталап оқып көруіңді сұрар едім…
maulen
Аааа, түсіндім! әйтеуір күлге айналмасан болды ғой… Себебі отты сөндіре алатын «су перидей көбік қыз» емесписин!
Jako
Маған да мағанасын тұсіну қиынға соқты, ара жігін ажырата алмадым, мүмкін өлеңнің мәні де сонда щығар.
assiya_nurlybaeva
Сенің ішің тұнып тұрған сыр ма әлде жыр ма өзі қалай, Арай?) Маған өте қатты ұнады, осы алған бетіңнен тайма.
kazakh_kyzy
Рахмет,Әсия! Көп көп!
Kyrtka
Ехх, Арайлымның туындыларының ішіндегі мен жақсы көретін өлең. Махаббатым болып қалар әңгіме-
Су перідей құлай сүйген «көбік қыз». Тамаша!!!
korwinin_kyzy
күйік ед,
қатесіз жазп уйренейык
Jako
қатесіз жазп уйренейык
Өйдөйт дерсің, мынаны жазып жатқан кім десек ше?
Kan
аға ұрыны ұстағандай болдыңыз ғой. күліп алдым біраз
Kan
"Қайтем енді, өмір – сезім сынағын,
От – қазанда күл боп жанып барамын." керемт тауып айтылған сөз деп білемін. Мағнасы терең сөздермен құрастырылған сезімге толы өлең екен. «Көбік қыз» деген сөздің өзі біраз мағна беріп тұрғандай. Жағалауға соғылған көбік терең көлге ғашық екенін айтқысы келгендей. Қиял ғажайыпқа толы өлең екен.
kazakh_kyzy
Рахмет пікіріңізге!!!
semser_soz
Теңеулері ерекше өлең екен… Арайка шабытың шарықтай берсін…
kazakh_kyzy
Рахмет, айтқаныңыз келсін!!!
Rayana
Мен мына өлеңдерді оқудан шаршамаймын ғооой))) Керемет, тағы да күтем. Келесіде менің сүйікті өлеңдерімді де жариялап қойшы???
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.