Түсінші...

Таусылмайтын махаббат /
Бала күнде күлкінің есігі ашық,
Ойын десе кететін есі қашып.
Бір кездегі қуыршақ, бөбек емес,
Бүгін сенің анашым,
Қызың ғашық…

Қызың ғашық, уақыттың сыйы ме екен,
Бөлмемдегі ойыншық жиюлы екен.
Бақыт тағы жатырқап, қорықты ма
Күйі бөтен анашым, сыйы бөтен.

Есейіппіз қиялдың дәмін тата,
Таңдаушы едік қуыршаққа ақ мата.
Сол қуыршақ тағдыры біз екен ғой,
Қиялдайтын әппақ көйлек, ақ фата.

Бүгін сенің анашым, қызың ғашық.
Өзге ананың бауырына жүрек ашып.
Бір өзіңе айта алмаған сырымды,
Жіберейін өлеңнің мойнына асып,
Түсінші…

3 пікір

maulen
Дұрыс екек, түсіну үшін осындай жалынды жыр жетіп жатыр ғой!
Оте адеми жазылган)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.