А-ға... (Бір қызға)

Таусылмайтын махаббат /
Бере алмаймын жанымды өзгелерге,
Ет кеудеге от салма тас тағдырым.
Тәтті дәмін сезімнің сезбегенге,
Бас тізгінін бермейді қасқа құлын.

Мейлі, сенің жаныңда бола берсін,
Бола берсін мәңгіге түстеріңде.
Қала берсін, жүректе, қала берсін,
Сезім жанып өртенсе іштеріңде.

Мен бірақ та бермеймін сезімімді,
Жүрегімді пәктікпен сүйіп қалған.
Тауыспашы тағы жол төзімімді,
Тілім, жаным сезімнен күйіп қалған.

Ұрламайсың, ұрлатпай алып қалам,
Жанарымның бермеймін нұрын саған.
«Қыран құсым көгімде қалықтаған,
Қалай көзді тікпедім бұрын саған?!»

Күлімдейсің… Сен менен бақыттысың,
Алақаның жылуын сезе алады.
Сендегі бар сұлулық, жаһұт мүсін,
Еліктірер, ол қайда безе алады?!

Толқын өмір қайырды да желкенін,
Тұңғиыққа батып кетті арман да.
Сонау ғазиз ғашық толы өлкенің,
Топырағын баса алмадым жалғанда.

Кешір, бірақ, бақыт деген бұл емес,
Ол да емес, сен айтқандай, өзге тым.
Бақыт деген, ғашық – ғұмыр, жылы елес,
Таң боп көзге елестейтін кезде түн.

Жетер, бақыт ешнәрсемен өлшемен,
Пенде шіркін, құныққанға асық тым.
Бірақ, білем бақыттымын мен сенен,
Өйткені мен, сенен бетер ғашықпын...!

4 пікір

maulen
Күшті))))
Бірақ, білем бақыттымын мен сенен,
Өйткені мен, сенен бетер ғашықпын...!
Әсіресе осы жері.
kazakh_kyzy
Рахмет Мәулен!))
келісемін!!! Шарықтау шегі ғой өлеңнің!!! Ұнайды сондай))
kazakh_kyzy
Рахмет Наурызкөк))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.