Көрігім

Таусылмайтын махаббат /
Сіз отырсыз сағыныштан сарқылып,
Біреулер жүр «сүйемін» деп шарқ ұрып.
Қысқы түндей суып бара жатырсыз,
Менде де бар қар қылық…

Күлкім шөгіп, мұң күндерім сабылып.
Жылап қалсам жұбатады сақ үміт.
Сіз отырсыз барымды да ескермей,
Біреулер жүр сағынып…

Арамызда қашықтық тұр алқынып.
Жанарым тұр көзіңізге талпынып.
Домбырадан күй естілсе түндерде,
Оятады жалқы үміт…

Мұңым теңіз, батырады қай терең?
Жан айқайды естір дейсіз қай керең?!
Өзіңіз деп жас тұндырған жүрегім…
Болмасаңыз қайтер ем?

Көп серінің жыр дастаны өмірім.
Гүлдеріне жараспады көңілім.
Күлкі алқасын тағынсам да сан мәрте,
Сіз деп жылау көрігім…

2 пікір

maulen
Айтылыар ой мен сөздердің ұйқасы бәрі, бәрі тамаша үйлесіпті. Керемет!!!
JarkynNUR
Рахмет Маулен! )
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.