Ғашықпын

Таусылмайтын махаббат /
Сезімнің жеткені осы ма,
Түн неге телміріп қарадың?
Мен оны күткенмін тосыла,
Жасын да сақтаған жанарым.

Ғашықпын, О тоба, Керемет!
Күлкімнің тозарын білдім бе?
Сенімді жүрекке желек ет,
Мен сені сүйемін, білдің бе?

Сен жоқсың… тағы сол сағыныш.
Сағыныш сен неткен ұлы едің.
Мендегі төзімді қанып іш,
Онсыз да уақыттың құлы едім.

Күтумен өте ме күндерім.
Ей жүрек, тоқташы, үндеме.
Сағым боп бара ма сүлдерім,
Өзіңсіз солады гүл дене.

Сыбырлап үміттің тұрды үні.
Жалғыздық жаныма сын, ем бе?
Мен сені ұмытам бір күні,
Жасыңа мәңгілік сіңем де.
Солай…

2 пікір

AKA
Уууу, әдДемі! Браво!
JarkynNUR
Рахмет АКА!!! )
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.