Маған ғашық...

Маған ғашық бір жан бар, жүрегі артық.
Қос жүректі кеудеге жүред артып.
Сүймесем де сүйеді бағалым деп,
Тілдесем де мойымай тілегі артып.

Маған ғашық бір жан бар, адал-ақ тым.
Сөздерінен бал тамған қарақаттың.
Күліп тұрад алдымда шын ниетпен,
Салсам дағы не бірін жарақаттың.

Маған ғашық бір жан бар, кешірімді.
Естілмейді айқайы есір үнді.
Тыңдамайды айқайлап тұрсамдағы,
Қанша жерден өзгертпей шешімімді.

Маған ғашық бір жан бар, қиялы кең.
Ән де салып береді ұялымен.
Өлең жазып отырад мейірлене,
Өзгені ойлап отырсам қиялыммен.

Маған ғашық бір жан бар, ай талғайтын,
Мен бар жерден ешқашан қайта алмайтын.
Мені көрген айларын белгілейді,
Қиыстырып жалған да айталмайтын.

Махаббатты осындай қаладық қой,
Өтті емес пе небірі, балалық той.
Енді міне, алдыма келіп тұрса,
Сүйе алмаймын, сүйеді, даралық қой.
Кешірші…

8 пікір

avatar
avatar
өзін дұрдомсын
avatar
  • Jako
  • 0
Осы Арманжан қайдан шыққан, барлық жерде плакаттарын көтеріп жүгіріп жүргені?
avatar
  • Jako
  • 0
Тамаша,өзіңді сүйген жүректі түсіне білу, құрметтей білу деген керемет.
avatar
Рахмет аға, бірақ кей кездері түсінбей де жатамыз, ондай-ондай болып тұрады ғой иә??? )))
avatar
  • maulen
  • 0
Кім не десе о десін, айтар сөзім жоқ… Мен бұл өлеңді өте жоғары бағалаймын… ЖАРАЙСЫҢ!!!
avatar
Рахмееетт! ))
avatar
Масссссаған! Керемет! Мен де қалаймын осылай маған ғашық жанның болғанын… Телефонмен ән салатын… Айқайыңды да жақсы көретін… Жарқын, браво!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.