Соңғы хат

Таусылмайтын махаббат /
Білесің бе, мен сенсізде өмір сүруді үйрендім. Сен менің өзіңе қатысты арман-мақсаттарымды жоққа шығарудасың. Кеше ғана өзіңмен мәңгі бірге боламын деп бел буып, көп нәрселерді жоспарлап қойған едім. Бірақ, қайтейін, «баяғы жартас, сол жартас» демекші, сен мүлде өзгермегенсің. Жаныма қатты батқаны, мені осы дүниеге әкелген анамды еш сыйламай, «сенің шешең» деген сөздерің… құлағымның түбінде әлі саңғырлап тұр. Қойшы соны, екеуіңнің араларында түсінбестік болған ғой, ұмыта салайын десем… 10 күн өтті өзіңнен еш хабар жоқ. Қазір кселл байланысында «қара тізім» деген нәрсе шығыпты ғой, сол менің нөмірімді сол тізімге енгізгенсің бе білмеймін, әйтеуір өзіңе еш хабарласа алмаймын. Саған айтарым, Аллахқа шүкір мен ешкімнен кем өмір сүріп жатқаным жоқ. Мені шын бағалап, қадірлеп, сыйлайтын жігітте кездесер… Мен басқаның жары болып кеткен күні, бармағыңды қалай тістегеніңді көрер едім. Менің саған деген махаббатым әрқашан да адал болған. Дәл мендей сені сүйе алатын адам жоқ шығар бұл жалғанда. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, менің қадірімді түсінетін күніңде алыс емес.
Соңғы айтарым, МЕН СЕНСІЗДЕ ӨМІР СҮРЕ АЛАДЫ ЕКЕНМІН.

0 пікір

Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!