Мен шынымен де бақыттымын, Аллахқа мың да бір шүкір

Таусылмайтын махаббат /
Осыдан 1 ай бұрын өзіңе арнап соңғы хат жазып едім. Соңғы хат деп қателесіппін.
Мамырдағы көп күн демалыста өзің тұрып жатқан қалаға, яғни өзімнің туған жеріме барып келдім. Өзіңді бір көрудің амалы ғой. Үміт шіркін сөнбейді ғой сөнбейді. Пойызда келе жатып өзіңе хабарластым. Пойыздың нешеде келетінін сұрадың, әрине ол пойыз тым ерте баратын еді…
соған қарамастан сен мені дәл вагонымның алдынан күтіп алдың. Сол кездегі қуанышымды білсең ғой сен. Сонымен не керек сенде мені сүйетінінді сөзбен болмаса да, іс-әрекеттерінмен жеткіздің. Тіпті отбасы құру туралы да сөз қозғалды. Менің оқуымның, жұмысымның басқа қалада екенін ескеріп, бәрін таразыға салып келесі жылы көктемде бір отбасы болуға бел будық. Ата-аналарымызды да ескерттік.
Осы өмірде түсінген бір мәселе, қыз балаларға үлкендер өзіңді сүйгеңді сүй деп ақыл айтып жатады, мен бұнымен келіспеймін. Әйел адам не нәрсеге де болса төзеді, егер өзі шын сүйсе.Отбасының шаңырағы шайқалмай тұруы да әйелге байланысты.
Сондықтан мен оның ата-анасымен бірге тұруға, кез келген қиыншылықта оған тіреу болып, жақсы келін, сүйікті жар, аяулы ана болуға дайынмын. МЕН СЕНІ АЛЛАХ РАЗЫЛЫҒЫ ҮШІН СҮЙЕМІН!

0 пікір

Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!