Жас кеттің-ау, бауырым?! Қимаймыз ғой...

Таусылмайтын махаббат /
Әрине, тақырып әзіл. Арамызда жүрген асыл досымыз һәм белсенді қолданушымыз, техника ғылымдарының кандидаты, профессор @Kema шаңырақ көтеріп жатқан жайы бар. Ерлік парызын өтеп жаңа өмірге қадам басып жатқан досымызға «о дүниеде» сәттіліктер тілеп, жан-жарың жұмағың болсың деп тілей келе, Айтаберлік достары Кемелдің тойына жиналып жатқан жайымыз бар. Әзірге @Abylai, @Konvict, @Daniar_alan, @Qyrmyzy көйлектерін дайындап жатыр.

kema
Assalauamagaleikum ua rahmetullahi ua barakatuhu!Qurmetti agaiyn tuys tugandar men aga, apeke, ini, qaryndastar, jezdeler men jengeler, jora joldastar, uilenu toiymyzdyn qurmetti konagy bolynyz!

Abylai
Кема шақырсаң да шақырмасаң да, бесі күні Астанада боламын, арнайы сенің тойыңа деп бара жатырмын, билет туда и обратно уже алып қойдым :)

AKA
ИншАллаһ, әбизөк! :))) Құтты болсееен, айтаберліктер үстелінде отырып, ақ тілек жаудыратын күн нәсіп болсын! Қуаныштымын :))

mairosh
Бақытты болыңыздар. Босағаларың берік, керегелерің кең болсын. Алдағы бар өмірлеріңізді сыйластықпен бірге өткізіп, келешектерің тек сәттілікпен жалғаса берсін.

Daniar_alan
Әзілден бөлек. Бырат, шын қуанып отырмын. Абылай екеуміз қыртып отырмыз просты… Өмірде серьезный адам екенімді білесің ғой… Үйленіп, үй болғаның, тойыңды мешітте өткізуің шынымен хошымды келтіріп отыр. Былай… көп араласқан да жоқпыз… тек АИФ-та ғой ) Бірақ сол уақытта танып қалдым. Бір үйдің шаңырағын шайқалтпайтын, керегесін берік ұстайтын жансың. Очм, қондыратын ) құсың құтты болсын. Бақытты бол.

Korkem
Кема, бақыт тілеймін сізге! Денсаулығыңыз мықты, бала-шағаңыз көп болсын! )))

QARASAQAL
Еееее, бауырееем :) Бауырееем :) Барамыз, барамыз :)

деп айтылып жатқандардың артынан ізгі ойларыңыз бен жүрекжарды тілектерімізді осында жаза отырайық, ағайын :)

15 пікір

Abylai
Мен жүгімдіжинап дайын отырмын, бұйыртса ертең түсте Ақтөбеге жол жүрем, сол жақтан дипломымды алып, ары қарата төртінде Ақтөбе Астана поездына мініп бесі күні барамын. Айхооооу, той тооооой!
Abylai
Айтпақшшы жолдан қосыламын, сыйлық беріп жіберемін дейтіндерің болса хабарласыңдар :)
Соңғы өңделген уақыты:
AKA
Қайдасың? Астанада нешесіне дейін боласың? Қайту билетің қашан? Қай пойызға мініп ең, тізімді қарап көр, біздің вокзал бар ме екен?
Abylai
Қимаймыз әрине, қимаймыз-ау. Амал қанша
Бақыт білеймін Кемеке! Құтты болсын!
MSHERIMBEK
ыхыхыхыыы :) жлявалайық :)
Jako
Бақытты бол, қосағыңмен қоса ағар!
yesbolat83
Кемел бауырым, көтеріп жатырған шаңырақтарың биік болсын! Осы биік шаңырақ асты ырыс-береке, шат-думан, балалар күлкісіне толы болсын! Аттап жатырған қадамдарыңыздың айы оңынан туғай!
Аллаһ алдындағы аппақ некелерің құтты болсын!
AKA
5-шілдеге үлгермейтін сияқтымын, бірақ Астанаға барсам көретін шығармын деген ой бар, бұйыртса. Қуаныштымын, шаңырақтарыңыз қуанышқа, берекеге, сәби үніне толы болғай! :)
Manas
Құтты болсын Кема.Аллах сіздерге Адам алейһиссалам мен Хаууа анамыздың, Мұхаммед алейһиссалам мен Хадижа анамыздың және хазреті Әли мен Фатима анамыздың арасында болған жақындықты нәсіп етсін!
Madi
Кемел, қолыңа қондырған құсың бақыт болсын. Шаңырақтарың берік болсын, махаббаттарың мәңгілік болсын. Сендердің жолдарыңды бізге берсін, үбірлі-шүбірлі болыңдар!!! Қосағыңмен қоса ағар! :)
Arhun
бақытты болыңдар, айналайындар!
ZevsKO
Kema! Шаңырағыңыз биік, керегеңіз берік болсын! Иманды, үбірлі шүбірлі, дастарханынан қонақ кетпейтін, құт даритын отбасы болғайсыздар! Қосылған қосағыңызбен барлық қиындыққа төтеп беріп, бақытты ғұмыр кешіңіз!
Соңғы өңделген уақыты:
followme_alik
Босағаларың берік, керегелерің кең болсын!)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.