Алғашқы жазба: Любительский суреттер

Таусылмайтын махаббат /
Бұл менің ең алғашқы жазбам. Өзім кеше тіркелдім бұл сайтқа. Асып-тасып бара жатқан тіл байлығым жоқ, сондықтан мен тек өз қолыммен, кәдімгі қара қарындашпен салған суреттерімді енгізетін боламын. Және оған түсіндірме немесе қысқаша айтқанда анау махаббат бар ғойй, соны жазамын. Неге жазатынымды өзім де түсінбеймін. Сезімдер толып, буырқанып, көкіректі тесіп сыртка шыққысы келген сәтте сыр бөлісер адам да жоқ, сезімдерді сурет арқылы шығарамын, бірақ профессионал суретші емеспін, мамандығым да тым басқа.

Кішкентайымда ойлаушы едім, суретші боламын деп, мектепті бітірген соң Университетке түсіп, Аллах Тағалам сыйлаған өнерімды дамытып, осы салаға түсемін деп ойлағанмын. Сурет сабағында Әбілхан Қастеев атамыздың портреті ілініп тұратын қабырғада. Соған еліктегім келіп, сол секілді болғым келіп, бірақ қайдам… Тағдыр деп оған жаба салуға да болмайды. Барлық нәрсе озіміздің қолымызда, тек ақылмен әрекет ету керек…

Осы сайтты тапқанда қуандым, дәл осыны іздегендей болдым, сайт виртуалды әлемде сыр бөлісемін. Енді әр салған суретімді жариялап отырамын. Дамымай қалған талантым, былайша айтқанда «любительский суреттер» ғой. Өзімды жариялағым келмейді, жасырын адам ретіндемін.

Таусылмайтын махаббат: Алғашқы жазба
Таусылмайтын махаббат: Алғашқы жазба

20 пікір

Jako
Тамаша, керемет, салып тұр, қараудан жалықпаймыз.
Korkem
Қызық екен, жазбаны қазақ әріптерінсіз, қате жазыпсыз да, ал ілмекке келгенде қазақ әріптеріңіз жасап кеткендей))) суретке сөз жоқ!
directxr
Коркем, айтсам сылтау секілді корінер, бырак клавиатурада казакша әріптер корінбейді, онын ар кайсысын ыздеп отырганымда жазар ойым екыге болынып кетер еды…
yesbolat83
Мен таңғалам, неге қазақтар (көбіне-көп) өзге елге ынтық, яғни, өз туындыларына өзге елдің символдарын немесе қалаларын қыстырмаса болмайтындай. Өз елімізде де мына эйфель мұнарасы секілді салған суретіңіздің шырайын ашып, өң беретін ғимараттар, симфолдар, нысандар жетіп артады емес пе?!
Суретке келер болсам, өте жақсы шыққан. Қаламың ұштала берсін. Өзге де туындыларыңмен бөлісе беруіңе тілектеспіз!
beko
Адам өз ойын жақын, сай келетінін салады да, сірә біздікінен басқа елдікі жақсы сай келуі, басқа елдікі жақсы сінген болуы керек(теледидар т.б.).
beko
Суретің былайша жаман емес, қош келдің, суреттеріңді салып бөлісуді жалғастыра берсең, біз де(күтіп), көріп, пікірлесуді жалғастырармыз))
Korean_Boy_5113
Мысалы Бәйтерек дейсіз??)Елестетіп көріңіз әп-әдемі қыз, ар жағында Бәйтерек?
Jako
Ол сурет шінің неден шабыттануына байланысты шығар.
yesbolat83
Суретіңе қысқаша тоқталып өтсең. Жауын астында жаурап тұрған жігіт (қыз). Ол не істеп тұр дегендей. Маған қызық боп тұрғаны.
followme_alik
Қош келіпсіз, жасырын адам :) Ұнады сурет.Жалғыздыққа салынбаңыз!
pari
Сурет керемет. Тек бір сұрағым бар, суретті бір фотоға немесе интернеттегі картинкаларға қарап салдыңыз ба? Әлде өзіңізді ойдан туған авторлық туындыңыз ба?
MSHERIMBEK
Қош келдің. Жазбаң ұнады. Бірақ, қазақша жазсаң қатып кететін еді. Ереже бар дегендей. Arhun деген жігіт те керемет суретші. Тәжірибе алмассаңдар болады :)
korwinin_kyzy
Мен түсінбейм да Осы Ейпіліби башниа не керек екен лутшы Экибастуздагы Түтін трубасын салмайма екен дуние жүзі бойынша 26-шы орында тур, кішкене болсада Қазақстаннын иісі шығып тұрадығо ал мына суреттен қолтықтын иісі шығып тұрған сияқты Әрине әзіл)))))Кішкене болсада ой салдым деп ойлаймын пантазияна пантазия косыла берсин Пантазия деген кондционер емес. ))))
Arhun
Хош келдің, бауырым! суреттерің бастапқыға — тамаша! Енді осындай туындыларың келешекте туындайтын болса іліп тұр мұнда… =)
Manas
Қызыл қалпақты қыз

ұнады
AL-ASTER
Oh, Red Hat! Салыңыз, сала түсіңіз!
mairosh
я керемет шығыпты суреттер)
JarkynNUR
ой тұндырған сурет екен… тамаша!
Korean_Boy_5113
Керемет суреттер.Әсіресе Эйфель мен қызыл қалпақтағы қызды үйлестіріп салып Шедевр істепсіз.Ендә менің Қазақстаным және Кореям туралы керемет сурет салып берсеңіз))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.