Сен менің бақытымсың, іздеген өмірден...

Ол туралы жазу осы уақытқа дейін ойыма келмепті…
Осыдан дәл жарты жыл алдын инновациялық жобалар сайысынша онымен танысқан болатынмын. Ең алғаш көргенде орыстілді қатардағы әдемі қыздардың бірі шығар деп қоя салғанмын. Бірақ, сол күні оған қараумен болдым. Қасына барып, сөйлесуге, танысуға беттей алмай жүрдім. Мүмкін өзімнің орыс тілін білмейтініме кішігірім ұялған комплексім де болар. Келесі күні де, солай өтті… Ішімнен менің құсым емес қой деген ойлар танысу, білісуге деген әрекетімді әлдеқашан басып тастаған еді. Осылайща сайыс та бітті… Туиттердегі Қызыл Етікті қыздың оқиғасы да бітті.
Арадан бірер күн өтті. Оны қатты көргім келді. Интернетті ақтардым келіп. Білетінім аты ғана: Мадина. ОҚМУ-да оқиды екен. Дәл солай сұрау жібергенімде жүзден астам Мадина шықты. 1 сағаттай отырып барлығының профилдеріне кіріп, таптым ақыры! :)
Суреттеріне қарап отырып, тағы да екі ойлы болдым. Хат жазайын деп едім. 1000нан астам досы бар екен :)
Охоооо :) 1000 дос және 500 жазылушың бар екен ))) Сенің маған жауап беру көрсеткішің 0,03% ,^_^, Бірақ, сонда да, Сәлем @_@
Таусылмайтын махаббат: Сен менің бақытымсың, іздеген өмірден...Жауап келді. Содан бастап, интернет беттерінде сөйлесе бастадық. Қаншама жақсы шаралармен айналысып жүрген бұл қыздың ойлары мені өзіне тарта берді. Алғаш рет балалар үйіне барғанда жолықтық. Солай жалғаса берді.
Наурыз айының алғашқы түндері еді. Жаңбырлы түн. Сағат 3-30 болған. Ол да онлайн. Мен де онлайн. Оны көргім келді. Оған ертең күн бар екенін білетінімді бірақ, қазір көргім келіп жатқанын жаздым…
20 минутта әдеттегі дәріхананың алдына баруым керек еді. Көшеге шықсам, құрғыр такси де жоқ. Сәл күттім де, Дархан шағынауданына қарай жүгірдім. Бар қуатыммен жүгірдім. Қанша уақыт өткенін білмеймін, бірақ, сол мөлшерде жетіп бардым. Үстімдегі киімін түнгі жаңбырдан сылқылдап су болған. Жүгіріп іздеп жүрмін, қараңғы болған соң көрінбейді. Бір бейне тұрған сияқты. Иә, сол. Қолшатырдың астында ол мені күтіп тұрды…
Қазір ол алыста. Зерттеу жұмыстарымен Германия елінде жүр. Оны жолықтырғалы бері өмірім өзгерді, шынымен.
Оны ойлап отырған кезімде тіпті, жүректің асау толқындарынан тасынып келген сезімім барлық әдемі сөздің шеңберіне де симай кетеді. Ғашықтық деген де осы болар, бәлкім.
Ақ гүлім! Сенің жанарыңдағы жанған сәулеңмен, менің мұздаған тұла бойымды жылып жүргенің үшін тағдырыма алғысым шексіз. Даусыңды естігенде дүниелік бүкіл сұлу әуенді ұмытып, бейне бір жұмаққа түскендей күй кешемін. Махаббат өлшететін болғанда, мендегі сезімді бүкіл галактикадан көретін едің. Мен өмірімде сенен басқа адамды көре алмайтындай «мәжнүн» жағдайға жеттім. Менің қисық мінездерім мен кейде көп нәрселерді дұрыс бағалай алмай қала беретін кездерім болса да, мен қандай болсам сондай қалпымда сүйетінің үшін, менімен бірге екенің үшін рахмет саған!
Таусылмайтын махаббат: Сен менің бақытымсың, іздеген өмірден...

28 пікір

avatar
будьте счастливы
avatar
  • tonukok
  • 0
Рахмет, Самат!
avatar
  • beko
  • +1
Оеббооой, амиго? Құтты болсеееан)) Иа, Көркем айтқандай, ұзағынан болғай, қуаныш, бақыттарың…
avatar
  • AKA
  • +1
Самат екенін қалай білқойдыңыз?
avatar
  • tonukok
  • 0
Админ екендігім кейде өзімнің де есімнен шығып кететін кездер болады… :)
avatar
Кіршіксіз махаббат. Бақытты болыңдар, амиго _ :}}}
avatar
  • tonukok
  • +1
Мен cүйген қыз міндетті түрде бақытты болады, амиго :)
avatar
  • Korkem
  • +1
Пах, шіркін-ай! Ұзағынан))
avatar
  • tonukok
  • 0
Рахметус :)
avatar
Охоооо :) 1000 дос және 500 жазылушың бар екен ))) Сенің маған жауап беру көрсеткішің 0,03% ,^_^, Бірақ, сонда да, Сәлем @_@
Пикап мастер!
Соңғы өңделген уақыты:
avatar
  • tonukok
  • 0
Не ғо, кеңес керек болса ааайт. Жүрсің ғо әлі, Астанадағ… Не деп кеттім ойыбай :) Иә, ощм :) Ойланып көр :)
avatar
  • beko
  • 0
Не ғо, кеңес керек болса ааайт.

Кеңес деймісің? Донжуандай паш еттің ғо ;) (Донжуан — 25 теңге киносындағы, қыз құмар Нүркенге берілген лақап ат.)
avatar
иә иәәә, менің де есімде, сол кезде бұл ағам менен де кеңес сұрап еді ғооойй ))) Мадина Мадина деп түнімен алған әсерін айтып, тапқан сон соооондай қуанып еді!!! ))) Тамаша!!! Бәрін қойып, осы Садық ағам бақытты болсыншы! ))) Ұзааааағынан! )
avatar
Сенің маған жауап беру көрсеткішің 0,03%
Формуланы студияға!
avatar
  • tonukok
  • 0
Бұл жерде негізі есімде жоқ жаза салдым. Вот сол кезде есептеп едім. Хаттардың басында қалды. Лібәәә, транстағы мазамды құртпаш амиғо ))))))))
avatar
  • m170785
  • 0
Садық мырза бақытты бол!
avatar
Бақытты болың. Жазбада сезім иірімдерін жақсы жазыпсың. Суреттер де жазбаны ашып тұр
avatar
Бақытты болыңдар! Жұптарың жазылмасын!
avatar
  • serjan
  • 0
Мұндай постты жазу үшін өз-өзіне сенімділік керек, әркім жаза бермейді бұлай, бақытың баянды болсын Саке!
avatar
  • mairosh
  • 0
Садық аға бақытты болыңыз.
avatar
  • tonukok
  • 0
Рахмет сізге, әпше :)
avatar
  • AKA
  • +2
Әдемі! Кіршіксіз таза махаббат пен бақыттың астында қалыңдар деймін. :)
avatar
  • Korkem
  • 0
Қандай жақсы айтылған тілек еді, "әумин!" деші мына тілекке, Садық ))
avatar
  • tonukok
  • 0
Әумиииииин :)
avatar
Сағыныш тұнып тұр ғой)))) Керемет жазылыпты) Бақытты болыңыздар!
avatar
«Махаббаттың құдірет күші әлдилеп,
Екі жастың табыстырған жүрегін....»

Осы өлең ары қарай тойда жалғасын таба берсін)))))
avatar
Тек қана бақыт))))
avatar
Бақытты болыңз. Қуанышты күндеріңіз көп болсын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.