О, махаббат...

Таусылмайтын махаббат /
«Шын ғашықтар қосылмайды» деген сөз бар… Әрине қазіргі ғашық жандардың біраз бөлігі мұны құптайтын да болуы керек, оған қоса қазақтың ғашықтық жырларындағы махаббат оқиғаларында да ғашықтар айырылысып жатады. Көп ертерекке бармай ақ қазіргі замандағы махаббатты алып қарасақ, бүгін бір қызбен сөйлесіп келесі күні басқа қызбен сойлесіп жүретін қыз сыйламайтын жігіттер мен өзі сүймесе де анығын айтпай артынан жігітті «жүгіртіп» қоятын әдепсіз қыздарымыз көбейіп кетті. Қазіргі уақытта алғашқы махаббаттың соңғы махаббатқа ұласуы мүмкін болмайтын жағдайға дейін жетіп отыр. Осыған қарап махаббаттан да қадір кеткен бе деген ойға келесің… Мүмкін заман сондай болар…
Ал енді мен өз басымнан өткен махаббат оқиғасын баяндағым келіп отыр. Мүмкін бұл біреуге қызық көрінер, немесе біреулері сенбеуі де мүмкін. Мен мектеп қабырғасында оқыған кезімде ешқандай қызға ғашық болмаппын, жай ғана сойлескенім болмаса қыздармен жүрмеппін. Мектеп бітіріп жұрт қатарлы қалаға жоғарғы оқу орнына түстім. Міне… мен махаббатымды сол университетте кездестирдим. Мен ол қызды бір аудиторияның алдынан жолықтырған болатынмын. Бұрын қызға ғашық болмағасын, шын сезімнің қандай болатынын да билмеуши едим, бірақ жүрегіңді тербетер өзіңе ұнайтын адамды кездестіргендегі сезімді айтып жеткізу кім-кімге де қиын болар. Ол қызды бір көргеннен кейін ол менің махаббатыма лайықты екенин бирден түсіндім. Кездестірген күннен 2-3 өткен соң ол қызбен таныстым, ол да менімен танысуға қарсы болмады. Сол университетте 4 жыл оқып, бітіргеніме де 2 жылдай уақыт болып қалыпты, сол қызбен алі сойлесіп жүрмін. Яғни айтайын дегенім менің алғашқы махаббатым бұйырса соңғысы болар дегенім, Алла қаласа. Жуық арада отау тігу де ойымда бар әрине.
Ал, оқырман, сіздер не дейсіздер, шын махаббатқа сенесіздер ме, алғашқы махаббат соңғы бола алады ма???

7 пікір

ereke_enu
Махаббат жақсы ғой…
aiko-sladik-angel
егерде шын болса
yesbolat83
менің алғашқы махаббатым бұйырса соңғысы болар дегенім, Алла қаласа. Жуық арада отау тігу де ойымда бар
Лайым солай болғай! Бақытты болуларыңа тілектеспін!

алғашқы махаббат соңғы бола алады ма???
Әттең, бәрі де адам баласының қолында болғанда ғой, шіркін!
azatsam
аумин, айтқаныңыз келсін!!!
Jako
Тамаша пост!
Maha_b94
Алла бақтарынызды ашсын!!!

алғашқы махаббат соңғы бола алады ма??
Есболат, адам баласынын қолынан келмейтіні жоқ емеспа?.. менім ойым алғашқы махаббатты сонгысы етіп калдыру өз қолында.
Jako
Maha_b94, сіздің сөзіңіз өмір талқысына түспеген адамның бос сөзі, Есболат дұрыс айтады бәрі адам баласының қолында емес, тағдыр, тұрмыс деген күштілер болады. Ал Азаматқа сәттілік, Алладагн қолдау тілейік.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.