Сағындым сені...

Таусылмайтын махаббат /
Таусылмайтын махаббат: Сағындым сені...
Мен оны сағындым! Шын сағындым! Сағынғанымды жасырғым келмейді. Мүмкін емес. Жасыра алмайм. Бәрі білсін. Оның өзінен басқаның бәрі біледі де! Таулар да, биік қайыңдар да, теректер де, шыршаларға дейін біледі. Бұлттар да естіді мені. Тек ол емес. Қалай естісін? Шамасы келмеген болар менің жазбамды оқуға. Ол «Айтабердің» барын да, мұнда өзі туралы айтылып жатқанын, менің айтып жатқанымды да білмейді. Себебі, себебі, ұйықтап жатқан шығар. «Біреумен»… Менің әсемдеп жазған хатымды оқуға шамасы жоқтығы содан. Мейлі, оқылмаса да мен тағы жаздым.
Медеу. Аспанмен таласқан талдар. Сап-сары жапырақтарға сырымды айттым. Оны сағынғынымды да айттым. Үндемеді. Сосын, сосын… Бар дауыспен жайып салдым. Адамдардың жанарына көмілместен тамағым қарылса да сағынғанымды айта бердім. Айта бердім. Осылайша мені бәрі естіді. Аспан да, тау да, тас та, жанды да, жансыз да… Тек ол емес.
Сағынып жүрмін, Таусылмайтын махаббат: Сағындым сені...
Сағынбай қалу мүмкін бе?
Тамшылап жиған тағдырым кетті күлкіңде.
Сағынышыма даланың өзін сендіріп,
Келмейсің неге бір күнге?
Сағынып жүрмін,
Бұл дертке қалай шыдаймын?
Заңдылық шығар,
Қосылмауы да Күн Айдың.
Сен жүрген жерге табаным тиген талай рет,
Сенсіз-ақ елге ұнаймын.
Азабың шығар сыйғыза алмайтын сөзге де,
Қазанда туып қайғыра алмадым Күзге де.
Сағыныштың да бояуы қалар бұлыңғыр,
Алыстап кетсең, іздеме!
Динара Мәліктің осы өлеңі дәл осы сәтке, дәл менің сағынышыма, дәл менің күйіме дәл келгені

5 пікір

zhano_almuhambet
Адамның заңғар ұлылығын сен — сағынышымен есепте…
Jako
Заңдылық шығар,
Қосылмауы да Күн Айдың.

Жанерке, осыдан мына бір өлең еске түсіп кетті…

Күн мен ай

Күн мен ай, табиғаттың тепе-теңдігі, нәрі,ұлылығы. Аллатағаламның адам баласы, күллі тіршілік иесі һәм табиғатқа тарту еткен кереметі.Бірақ осы екі керемет еш уақытта бірге тұра алмайды. Қарап тұрсақ адамдар арасында да, бір – біріне ғашық бола тұра, ғажайып бір көрінбейтін күштердің әсерінен бір-бірімен қосыла алмайтын жандардың кездесіп жататыны бар емес пе? Осы бір ұқсастық мені көптен бері толғандырады.

Күнге өзімді теңесем шуақ тастар,
Айға сені балар ем нұрын шашар.
Бірақ мәңгі бірге бола алмайды,
Бірі шықса, енді бірі тұра қашар.

Көрмесе де олар мәңгі бір-бірін,
Айтпаса да бір-біріне жан сырын.
Серік қылып бірі түнді, бірі таңды,
Ғашықтықпен өткізеді бар күнін.

Күн аңсайды көрсем деп Ай дидарын,
Ай аңсайды көрсем деп Күн сұлуды.
Бірін-бірі қуалап жолыға алмай,
Алла оларға жазбапты бір тұруды.

Жылдар өтті,ғасырлар дәл осылай,
Ай мен Күн жүр әлі де бір қосылмай.
Адамдар бар Айға ұқсаған Күнменен,
Бірге жүріп қосыла алмас нақ осылай.… JAKUP.
zhano_almuhambet
Иәәәә…
Неге солай, неге солай?
Бақыт табу емес оңай,
Шын сүйгендер жүреді екен,
Кездесе алмай…
yesbolat83
Мен оны сағындым!
ұйықтап жатқан шығар. «Біреумен»…
Сағыныштан жүректің түпкірінен жарып шыққан сөздер…
Бұл сөздерді ешкім қайталамасыншы деп тілеуші ем…

Сағынып жүрмін, Сағындым сені…
Сағынбай қалу мүмкін бе?
zhano_almuhambet
Рахмет пікіріңіз үшін. Қайталамасыншы дегеніңізді ұқпадым?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.