Әйеліме жазғаным бар еді.

Таусылмайтын махаббат /
Сенсіз ғалам, сенсіз әлем жат маған.
Сенсіз жүріп жалғыз қалай бақ табам.
Сені іздеп тыншымаған жүрекпен,
Көңілдерде өлең болып жатталам.

Сені сүйген көңілімде жоқ күдік.
Семен өткен күндерімде мол қызық.
Сен келгелі, бір болғалы жанымыз
Жалғыздықтан, жалғандықтан қол үздік.

Сұлулықты өнбойыңа құйған ба?
Жақсылықты жанарыңа жыйған ба?
Сені көрсем діріл қағып тұратын,
Ғашық жүрек көкірекке сыйған ба.

Тәтті сезім, бал үйірген балымсың.
Алла қосқан адал, аппақ жанымсың.
Сырларыңмен сырғалаған санамды,
Өмірімнің, көңілімнің арысың.

Тағдырымда ізің қалды таңбалы.
Сені көріп сезім гүлін алғалы.
Махаббаттың майданына қан тамған,
Қару алып дайын жүрмін барғалы.

Сенсіз өмір, сенсіз өңір тар маған.
Сұлулығың кең әлемге сыймаған.
Жаратқанға шүкір еттім сан мәрте,
Сені маған сүп-сұлуғып сыйлаған.

4 пікір

Jako
Тамаша Кан мырза, келінге оқып бергеніңде ет асқан болар бірден)))
yesbolat83
Жақсы жазылған, Қанат. Махаббаттарыңыз мәңгілік болсын!
zhano_almuhambet
Күштііііі ғо! Әйеліңіздің жолы болған екен.Сіздің жолыңыз оңынан екен сондай жарды жолықтырған. Қызығып кеттім. Әрбір әйелге жолдасы осылай өлең арнаса күшті емес пе? Ет асып қана қоймай бар тіл үйірер тәттіні әзірлейтін шығар)))
1234567899876543211234567899
тамаша екен, әрқашан махаббаттарыңыз мәнді болсын
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.