Бір көзді "құбыжықпен" доспын

Таусылмайтын махаббат /

Соңғы уақытта телефонды өзімнен қалдырмайтын болдым. Сен хабарласып қалар деймін. Бір көзді "құбыжыққа" күн бойы телмірем де қоям. Бірге ұйқыға жатам. Сомен. Сенің түн ортасында хабарласатының бар еді ғой. Түнгі сағат тілі 3-ті көрсеткенде «Не істеудесің?» деп… Мен: «Дені дұрыс адамдар бұл уақытта әдетте ұйқыда жатады» деп ұрысатын едім. Қазір де солай сұрасаң екен ғой. Ұрыспайм. Рас айтам. Тек қуанатын едім.
Қазір мені шақырсаң қалай да саған барар едім. Мейлі 40 градусты көрсетіп тұрған «ыстығыма» да қарамай саған жетер едім. Сені бір көру үшін барар едім. Өзім де ұқпайм қайда, кімге екенін әйтеуір барам деп отырм.
Көшеде келе жатып өзімнен-өзім күлемін. Айналамдағылар «біртүрлі» көзбен қарайды. Жандос айтпақшы «билайн» көздер))) Алайда оны елейтін мен емес. Сені ойлап, айтқан сөдеріңе күліп келем. Сосын қолыма ақ қағаз бен қаламды алып сенің тегіңді өзімнің атыма қойып көремін. Жарасатын секілді. Иә. Маған ұнайды. Күн сайын сенің номеріңді теремін. Жасырын нөмерден. Тыныстағаныңды есіту үшін. «Бұл кім? Неге үндемейсің?» дейсің сосын. Ал, мен сені сағынғанымды айтамын. Сені көргім келетінін де. Әрине, ішімнен… Тек ішімнен.
Сені ойлап ұйқыға жатамын. Көзімді өзіңді ойлап ашамын. Не болған? Басқа түсінік, ұғым жоқ!
Мен мықты екенімді дәлелдедім. Қалай дейсің бе? Мен сенсіз де күн кешетінімді, жақсы күндерді өткеретінімді дәлелдедім. Өзіме де өзгеге де. Күн-түні Тәңірден жалбарынып сұрағаным, тілегенім бұйырмайды. Үміт үзілді. Тауым шағылды. Дегенмен әлі де бармын. Осындамын. Қайта түрегелдім. Сен шығасың көлбеңдеп. Мен сол сәтті қалай күттім десеңші… Қаншама рет айтатын сөз даярладым. Мың рет жазып, мың мәрте ғана жыртқан шығармын. Ал, қазір… Қазір аузымда да ашқым келмейді. Ашсам да айтар сөз жоқ. Басымды бұрып қарауға да құлқым жоқ. Осыншама бөтен болатыныңды білсемші… Кеудемдегі үп-үлкен қуыс енді ғана бітіп келеді. Әзер жамаған жарамды енді тырнауға рұқсат жоқ. Жол бермеспін.

6 пікір

followme_alik
Көшеде келе жатып өзімнен-өзім күлемін.

-_- жеңіл бәңгілік… Махаббат қоздыруға бар. Жақсы жазылған, тек көп күлме :))
zhano_almuhambet
Рахмет! Пікір үшін. Неге күлме дейсіз? Несі айып?
followme_alik
«Күлкі өмір жасын ұзартады». Бәңгілік күлкінің оған қатысы жоқ :)
zhurttyn_balasy
Бәңгілік
Узбагойся
Соңғы өңделген уақыты:
Rayana
Біздің жағдайымыз ұқсас секілді)))
zhano_almuhambet
Сізді жақсы түсінемін. Керемет түсінем…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.