Зря. Впустую. Попусту. АЙТА БЕРМЕ!

Таусылмайтын махаббат /

Бүгін қай күн? Қай мезгіл? Сағат белдеуі не дейді? Есімнен жаңылған шығармын. Бәрі де ұмыт қалды. Үй. Жұмыс. Достар. Өзім. Бәрі-бәрі… Өзіңсіз өткерудемін. Өмірді. Көндігудемін. Амалсыз. Шарасыз. Үнсіз. Мүсіркеме. Есіркей көрме тек. Мен мейіріміңе мұқтажбын. Ұғамысың? Сеземісің? Өзгесін сұрамадым. Қаламадым. Бірақ… Оны да көп көрдің. Қимадың. Маған. Мені өксіткен сенің келмеуің де емес. Іздемеуің де… Сағынбауың да… Асықпауың да емес маған. Мені өксіткен түсінбегенің. Түсінуге талпынған жоқсың. Қызық. Бұрын сен мені сөзсіз ұғушы едің. Мен аузымды ашпай-ақ менің қандай күйде екенімді білетінсің. Сосын… Сосын менен кім ренжіткенін сұрамайтынсың. Керісінше сол ренжіткен адамды да, оның неге олай жасағанын да ұмыттыру үшін бәрін жасайтынсың. Сайқымазақ болуға да дайын едің. Болдың да. Ал, өзіңе ренжіп байкот жарияласам жауап бермесем де менімен сөйлесуді доғармайтынсың. Өзің сұрап, өз-өзіңе жауап қайтарып… Сосын сөздің екінші жартысын табу ойынын ойлап табатынсың. Алғашқы буынды сен айтсаң келесісін мен жалғауым керек. Бірақ мен үндемей отыра беретін едім. Сосын сұрақ-жауап ұйымдастыратын едің. Сұрақтың жауабын айтпасам, «қандай сауатсыз қыз едің» десе болғаны Жанерке бар даусымен жауап қатады. Сосын байкот жайына қалатын. Ұрыс басталады.
— Кім сауатсыз?
— Сен әрине. Мен емес қо.
— Ендеше неге сауатсызбен сөйлесіп отырсың?
— Кішкене болса да сауатыңды ашуға өз үлесімді қосып отырмын.
— Ендеше уақытыңды босқа жоғалтпа.
— Уақыт өзімдікі! Қалай жұмсасам да өзім білем. Сенен сұрамайм.
— Онда менің уақытымды алмааааааа!
— Оны да сенен сұрамаймын.
— Сонда не сұрайсың менен?
— Менімен осылай ұрысуыңды доғармашы? Әрқашан осылай екеуміз таласып отыра берейікші? Тек осы ғана тілегім. Басқа ештеңе сұрамаймын. Мені жақсы көрмесең де болады. Себебі менің саған деген сезімімнің үлкендігі екеумізге де жетеді. Менің саған деген сезімім сатылмайды. Өтінішпен де алуға болмайды. Ұрлап та ала алмайды ешкім оны. Тартып алу да мүмкін емес…
Өтірік. Бәрі. Жалған. Тартып алуға келмейтін сезімің енді қайда? Жер жұтты ма? Неге көрмеймін мен? «Көзіңді жұмсаң да ашсаң да менен басқа ешкімді көрмейсің. Өзгені көрем деп әуре болмаааа. Көз алдыңда бәрібір көлбеңдеп мен тұрамын» дегенің қайда? «Бесполезно. Безуспешно. Без толку. Впустую. Бессмысленно. Попусту. Зря.» деуші едің… Айтқаныңның бәрі «зря» екенін сонда білсемші.
Түн. Ұйқыдағы қала. Ояу мен ғана. Өксік. Тамшы жас. Үнсіз телефон. Тіпті көлеңкем де тастап кетті…

6 пікір

Korkem
zhano_almuhambet
Сондай ой кейде қылаң беріп жүр))) Бірақ Жанеркенің ондай түрін көруге дайынмын ба білмедім. Бізді сосын кім алып жүреді? Тағы адам керек қасымызға. Бірақ ішпейтін. Бізге қарап отыратын))))
Korkem
Біз виртуалды іше береміз, қараптан қарап отырып масаяберетінбіз
Соңғы өңделген уақыты:
zhano_almuhambet
ааеее мен в реалити мас болам ба деп ойлап коріп едім… Ендігі образға кіруге сәл қалды ғо))))
aseleka
Азапсыз махаббат арзан махаббат деген создери бар еди акын агаларымыздын… Менин ойымша шын гашык бола билген адам ардайым бакытты… Себеби ол нагыз махабаттын кандай болатынын биледи…
zhano_almuhambet
Иә, бастысы бірге болу емес. Бастысы мен осының бәрін өткергенім!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.