09.12.2007.

«Тағдыр қалап егер де…
Жүз көз берсе Құдірет,
Жүзі де Сізге қарар еді! Тек Сізге!»
Таусылмайтын махаббат: 09.12.2007.
Сәлем, күнделік! Сырласым…
Бүгін де таң атты. Бүгін де жүрегім соғып тұр. Бүгін де сағыну демек… Мен расында сағынып жүрмін. Даусын, күлкісін, жүзін, көзін, маған арнаған сөзін де сағындым. Осынша кең жаһанда, сан мыңдаған адамдар ішінен неге соны көрдім? Неге соны сүйдім? Неге соны таңдадым? Неге қаладым соны?
Мені жерге жібергендегі мақсат сол болар? Адамдар бір-бірін жалғыздықтан құтқару үшін жаратылған дейді ғой осы. Мені де солай жіберген шығар иә? «Бар да осы бір „КІСІНІ“ жалғыз қалдырушы болма! Ешқашан! Жанынан қалма» деген секілді. Солай жасаймын. Егер уақыттың дөңгелегін кері бұруға мүмкіндік болса мен дәл осы жолмен жүріп, дәл өзіңді көріп, өзіңді ғана сүюге келісер едім. Қанша ғұмыр берсе де сені сүю үшін кешер едім. Мейлі пенде емес зат, бұйым болып жаратылсам да сені сүюімді тоқтата алмаспын әсте.
Адам жаны сәл бір құлазып, жабырқағанда жанына өмірсүйгіш құлын жібереді екен. Жеті бірдей жұт жаналқымнан алғанда таусылып ада болмасын деп сені жіберген шығар маған. Осылайша шарапатына бөлендім Тәңірдің. Мейірімімен баулыды мені. Шүкір. Сансыз шүкір.
Мен есімнен адастым. Жаңылдым. Ақылымнан да көз жазып қалдым. Қажет емес! Ақылдың да, сананың да керегі жоқ! Мезі етті. Ессіз сүйгім келеді. Ессіз сүйсе екен. Уақытпен, ортамен санаспай мені сүйсе екен.
Бұл 2007 жылғы жазба. 6 жыл бұрынғы дүние. 6 жаз, 6 күз, 6 қыс және 6 көктем өтті. Не өзгерді? Сол баяғы Жанеркемін. Бірақ ол «КІСІ» жоқ. Кетіп қалды.
Уақыт өте өзгерді. Сахна өзгерді. Адамдар ауысты. Рөлдер де басқа. Талғам ауысты. Стиль де басқа. Жұмыс та өзгерді. Фотоларда басқа адамдар. Басқа күлкі. Бәрі өзгерді. Аяқтағы каблуктың биіктігі де басқа. Шаштың түсі де басқа. Басқа көзқарас. Бұрынғыдай мәңгі сезім туралы аузымды да ашпаймын. Сатқындықты кешіре алмайтынымды да айтпайтын болдым. Оның бір ғана күлкісі үшін бүкіл адамзатты ренжітуге дайын екенімді де айтпаймын. Сол Жанерке. Сол жүрек. Тек кілт басқа. Жүректің кілті басқаша сөйлейді. Шифрлар ауысты.
Таусылмайтын махаббат: 09.12.2007.

14 пікір

avatar
Жүректің кілтін жоғалтып алмаңыздар… Шифрды да ұмытпаңыз)))
avatar
  • Kan
  • 0
Жанымау оқып отырып қиналып кеттім ғой. недеген тас жүрек адам ол сенің сезіміңді елемей жүрген.
Жанерке жанымау бәрі жақсы бірақ мынау өзгенің салтындай құлыптарың ұнамай қалды маған.
avatar
Менің қалай қиналғанымды білсеңіз ғой… Ешкім де білмейді. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сезімімнің мың жаһанға сыймасын білсемші… Ол тас жүрек сезімімді елемек түгіл жаншып, таптап, мыжып, түйреп кете барды… Құлыптар асығыс таңдалды…
avatar
  • Kan
  • 0
түгіл жаншып, мыжып, түйреп" деген сөздеріңді жай түсіндірмелі сөз ретінде қолдандың ба,әлде тура мағынасында солай істеп кетті ма? Жанерке жаным мен сен үшін алаңдаулымын.
avatar
Рахмет! Қамқорлығыңызға, ниетіңізге, мейірбандылығыңызға… Осының бәрін жақыныңнан тосасың, бірақ бөтен адам… тура мағынада емес. Оған менің «Айжарық» деген күзетім жол бермес. Ағам мен інім ғо))) Бәрі дұрыс. Бүгін де таң атты. Бүгін де жүрегім соғып тұр. Демек бүгін де бармын. Уайымдамаңыз. Өткен нәрсе ғой. Кейде осылай есіме келетіні болмаса… Миымды ашып бәрін "ӨШІРУ" батырмасын басу керек сияқты.
avatar
Өттте дұрыс. Өшіру батырмасын басу керек. Неге керек сені қаламаған жанды ойлау, сүю, жылау, қиналу…
avatar
Иә… Мен оны ұмыттым. Ұмытқанмын. Өшіргенмін. Оның менің өмірімде болғанына дәлел тек күнделіктегі жазбалар ғана. Басқа із жоқ. Жоқ адамды сүю, ойлау, азаптану ақылға қонымсыз. Менде бәрі жақсы! Өмір тамаша! Алақай!
avatar
  • AKA
  • 0
Өзіңізді алдамаңыз, санаңызда сол сезімнің ізі айқын екені бұл жазбада анық. Дәл қазір алдыңыздан шықса жүрегіңіздегі сезім жанарыңыздан-ақ білінер еді… Сонда да сізге сәттілік болғай!
avatar
Мүмкін… Бәрі де мүмкін. Бірақ оның алдымнан шықпайтынын білем. Мен оны кезіктіру үшін артынан басқа қалаға бардым. Сол жүрген, жүретін жолмен күнде жүрдім. Жағалауда мың күттім. Алайда жолықпады, ұшыраспады, шықпады…
avatar
  • beko
  • 0
Алдыңғы осы мақаланың копия болып кеткен нұсқасындағы, maulen Мауленнің қалдырған пікірі:
Оралхан Бөкей айтпақшы: «Махаббат — қосылмау». Ең бастысы қасыңда болмасада, жүрегіңде осы — ақиқат. Ол жүрек басқаша соқсада, басқаша жетелеседе…
avatar
Лахмееет Смайлик! )))) Пікірді көшіріп бергенің үшін. Еселеніп жүрген мақалаларды алғаның үшін
avatar
  • Yerasyl19
  • 0
Өте керемет.
avatar
Рахмееет, Ерасыл!
avatar
Мәулен, Оралхан ағаның «Жылап қайттым өмірдің базарынан» кітабымен таныстыңыз ба? Пікір үшін рахмет! Құнды пікір!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.