Мен махаббатқа сенемін.

Таусылмайтын махаббат /
Махаббат жайлы толғаулар, махаббат машақаты, махаббат хикаялары, махаббат, махаббат, махаббат…
Өз бастан кешкендерің жайлы… не ғой, тағы да махаббат…

Мен махаббатқа сенемін…
Махаббат алдамайды, сүйдіреді,
Махаббат қызғантады, күйдіреді.
Махаббат әрқашанда адамдардың
Өмірге ынтықтығын білдіреді.

Махаббат-көңіл менен өмір нәрі,
Одан қуат алады жанның бәрі.
Махаббаттың құдыретін түсінеді
Ұстаз-шәкірт, ғалым-надан, жас пен кәрі.

Адамдардан махаббатты көремін,
Мен кіршіксіз махаббатқа сенемін.
Махаббат — бұл тұнып тұрған құдырет
Махаббатқа әлі сеніп келемін.

12 қаңтар. 11:05. Абай атындағы орта мектебінің №13 кабинетін. 2-қатар, 4-парта. Алдынан қарағандағы оң жағы. Өзін-өзі тану сабағы. Ұйқылы-ояу жазылған. Иесі: Мәлік Жансая.

2 пікір

Kan
шында да ұйқылы ояу жазылған екен
ereke_enu
Топырлаған қыздар сөзге келмей сына берсе, шынайы махаббат дегеннен күдер үзіп кетеді екенсің :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.