Көпір саламын...

Таусылмайтын махаббат /

Адамдар жалғызілікті. Себебі олар көпірдің орнына жар тұрғызады. Құз салады.
Есіңде ме, мен көпір тұрғызамын дегенім. Саған апаратын көпір. Сол арқылы өзіңе жеткім келген еді. Алайда сен өзіңнің берік қамалда қалғаныңды айттың. Мен ол қамалды да қақырата құлататыныма сенімді едім. Көпір бітті. Келіп тұрдым. Қамалдың есігін таңға дейін қақтым. Естімедің. Бәлкім, құлағыңа жетсе де естімеген кейіп танытып отыра бердің бе?
«Егер өлгендер тірілердің жүрегінен орын ала алмаған болса, онда оның шынымен-ақ өлгені» дегенді оқығаным бар. Тіпті арамыздан кетсе де көңілден кетпейтін, мәңгі өлмейтін жандар туралы айтылған пікір болса керек. Ал мен тірімін ғой. Әлі бармын. Дегенмен, сенің жүрегіңде маған орын жоқ. Ол орынды басқа «біреу» басып алғанын көрдім. Естісем сенбес едім. Жұрттың өсегіне. Көзім көрді. Өзім куә. Ол менен жақсы болғаны ма? Жек көремін! Оны да! Сені де! Оңай сүйіп, оңай ұмытатын сенің жүрегіңді жек көремін. Тек жылатып жұбатуды білмейтін жүрегіңді қалай сүйдім екен?
Менің жылдар бойы тұрғызған көпірім қақ айырылды. Жоқ. Ол орнында тұр-ау. Мені өз көпірімде көлік басып қалған секілді…

6 пікір

zhano_almuhambet
Сен мені осы шынымен сағынбайсың ба?..
Оған да сәби қылықпен еркелейсің бе?
Кетейін десе, қиылып, «ерте» дейсің бе?
Жанарың оына, оған да «КҮНІМ» дейсің бе?
Мені құшқандай, денеңмен дірілдейсің бе?
Ол барда өзге көздерді жақтырмайсың ба?
Оны да бір күн құз-жардан лақтырмайсың ба???
Jako
" Оны зор, мені қор санасаң,
Мейірімсіз соққаны жүректің" — деп Қорабай Есенов жырлағандай бір кем дүние ғой, амал нешік?
zhano_almuhambet
Ия… Амалым жоқ. Қолымнан келгеннің бәрін де жасап бақтым. Тағдыр кітабы осылай жазылған болар. Өзгерту мүмкін емес. Өкініштісі, өкпелеуге тұратын адамымнан айырылғаным. Еркелеуге, ренжуге, бірге күлуге, алдына барып қымсынбай жылауға да болатын адамымнан…
Kan
жақсы жазылған екен. сүйгенге не жетсін. сүйген бақытты сүйеалмаған сорлылық.
zhano_almuhambet
Ия бақыттымын! Сүюдің не екенін білдім соның арқасында. Бірақ маған сүйе алар жүрек беріп, сүюді мұң еткені несі деймін… Пенділігімнен… Пікір үшін рахмет. Бағаңыз үшін де рахмет.
zhano_almuhambet
Ия баққыты болдым. Сүюді сол арқылы білдім. Бірақ маған сүйе алар жүрек беріп, сүюді мұң еткені несі деймін. Пенделігімнен… Пікір үшін рахмет. Бағаңыз үшін де.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.