ЖЕК КӨРЕМІН!

Таусылмайтын махаббат /
Сен кеткелі дүние бос қалғандай. Ешбір жан жүрегімді не қайғыдан не қуаныштан кернетпеді. Өзімше күлген болам. Бірақ… Бірақ сенім жоқ! Оны тек сен білесің.
Неге поездың уақытын сұрамадым екен? Теміржолға телефон шалсам да поездардың кестесін білуге болар еді ғой. Сөйтіп сені перронда тоссам да сыртыңнан тым болмаса бір рет көрер ме едім… Сен кетіп қалдың. Үндеместен. Жолың оң болсын!
Кейде мен үшін ең үлкен бақыт сені бір құшу деп ойлаймын. Алайда, соңынан олай емес екенін түсінем. Себебі, шын мәнінде мен үшін үлкен бақыт сенің амандығыңды білу. Мен қазір бақыттымын. Сен хабарластың. Түнде сен мінген ұшақ қалаға келіп қонды. Шымкентке. Сенде бәрі жақсы. Демек менде де бәрі жақсы деген сөз.
Қанша уақыт өтсе де менің саған деген көңілім суыған емес. Кейде ренжитінім бар. Ондай сәтте саған смс жазатынмын. ЖЕК КӨРЕМІН СЕНІ! Осылай. Сенен жауап болмайтын. Кейін звондап сен де мені жақсы көретініңді айтушы едің. «Мен сені жек көремін ғой» дегеніме «Айта бер, айта бер. Жек көремін дегенің ұнайды маған. Сен сезіміңді осылай білдіресің! Керісінше ұғым беретінін білем» дейтінсің.
Қоштасу керек шығар қимастармен бәлкім? Сағынып қайта көрісу, жүздесу үшін…

17 пікір

Feruza
Керемет! Олай дегенім, тағдырлас сияқтымыз сіз бен біз! Қаншалықты ұнатсаң да, ғашық болсаң да бірге бола алмайтыңыды білу, ешқандай да үміт жоқ болу қандай қиын! Бірақ сізде алі де үміт бар сияқты ғой, қол ұстасып, бір жүрер күнге жеткізсін сіздерді! Кезінде мен де осылай өлең жазып, смс-пен жіберетінмін, мүмкін Аллахтың қалауы шығар, мүмкін, мүмкін…
Себепші еттім бәріне кейде сізді кіналап,
Іштей сосын аламын тап-таза етіп қайта ақтап.
Бұл ойлармен қалғанша,
Кез-келгенмен салыстырып, сізді ойға алғанша,
ЖЕК КОРГЕНІМ болар еді жақсырақ…
Менде де бір ғана тілек, арман — ол БАҚЫТТЫ БОЛСЫНШЫ!
zhano_almuhambet
Үміт үзілді Феруза… Осыдан екі жеті бұрын ол адамның үйленгенін білдім…
Kan
Тамаша махаббат адамды ақын етеді, жазуға жақын етеді. Сезім шіркін жақсы ғой, сүюдің өзі бір бақыт.
zhano_almuhambet
Мүмкін… Енді сүюден бас тартамын! Жетер!
Kan
Сүюден бастартқаны несі. Баланың сөзін сөйлеме. Сен сүю үшін жаратылған бойжеткен,әйел, ана екеніңді ұмытпасаңшы. Әлі талай, талай махаббат машақатыны малынасың
zhano_almuhambet
Ешкім де сүюден шаршамайтын шығар әсте… Тек сүйікті болғысы келеді. Мен де соны қаладым. Сүйікті болғым келді… Ол маған бұйырмаған дүние екен. Оны маған жазбаған. Сол үшін де бас тартуға тура келеді…
Feruza
Бұл да тура мендегі тағдыр, үйленді, оны басқалардан естідім…
Жыладым, әлі де махаббат туралы, тұрмысқа шығу туралы ойласам еріксіз қиналамын. Жарайды үйленсін, тек алдын-ала айтып, түсіндіріп жасаса болады ғой, ақылсыз емеспін ғой… Бәріне кінәлі етіп қоямын, бірақ сонншалықты қиналғанымды, қиналатынымды білсе де хабарласып жағдайымды сұрайтынына таң қаламын. Ол мазақ еткеніме, түсінбеймін? Бірақ енді сүймеймін дегеніңізбен келіспеймін, мүмкін одан да жақсысы кездесер. Айтады ғой, Аллах алтынын беру үшін күмісін алады деп. Мүмкін солай да шығар, тек жақсылықтан үміт үзбеу керек, арбір істін қайыры бар дейді ғой, Иншаллах!
zhano_almuhambet
Сізге хабарласса әлі де жолыңыз болған екен… Иә қай нәрсенің де қайыры бар дегенге сену керек… Рахмет пікіріңіз үшін. Жігерлендіргеніңіз үшін!
yesbolat83
Енді өзге жанның жолдасын ойлау күнә болар… Мүмкін осылай да дұрыс шығар. Мен енді жыламаймын! Ол үшін! Уәде!
Жаңа өмір, жаңа сезім, жаңа сүйіктіңді табу керек сияқты саған.
Сенің ол туралы жаза бергенің мезі еткендей ме, мені.
Жазу шеберлігің, сөздер үйлесімділігі, әр жазбаңдағы ойларыңды оқырман көз алдына оңай елестету шеберлігі бар жан екенсің. Сеннен өзге де жазбаларды оқуды жазсын.
zhano_almuhambet
Рахмет пікір үшін. Енді ондай жазба оқымайсыз))) Басқа дүниелерді жариялаймын. Пікір қалдыруды ұмытпасаңыз болды. Рахмет тағы да
sima_katon
Емдей алмаспын жүрегімдегі жарақатты, Жақсылыққа сенемін көрсемде машақатты. Жалғыздық құрбандары бақыттарын іздеген, Ажырата алмай махаббаты секстен. Кешір мені жаным, суық құшағым үшін, Махаббат сыйласада үміт бермеді көзің. Жылама жаным, көз жасыңды көрсетпе, Бақытымыз басталып бітіп еді төсекте. Ақынсымақ бұл көз жасыңа лайық емес, Аймалап еркелетер бірақ ешқашан сүймес. Жүрегім кетіп еді басқаның уысында, Сүймесемде сені қия алмаймын басқаға. Жүрегімнің көз жасы — әрбір жазылған өлең, Оның махаббаты өлгенде жүрегім өлген. Ескі махаббат жүрегімде қалдырды мұң, Кешірші, жек көрсемде оны әлі сүйемін. Сен сұлусың, бірақта саған құмарлығым жоқ, Сөніп барады жүрегімде жанып тұрған от. Жек көремін сені немесе қатты сүйем, Мен үшін түсініксіз, жауабын іздеп келем. Жауабын бермейді, мені сүйген еріндерің, Сен мені емес, жаным, мен сені емдедім. Сенің жаралы жаның жүрегімді жаралады, Біздің мына қатынас, айтшы қайда апарады? Әліде білмеймін сүйдің бе, сүймедің бе? Егерде кездеспесек, түспес едім бұл күйге. Телефон соқпа маған, ұмытшы номерімді, Өлтірсең өлтір мені, айт соңғы үкіміңді! Аха, мен нағыз махаббаты армандаймын, Сен мені сүйесің, бірақ сенімен бола алмаймын. Мен оңбағанмын жаным, мен оңбағанмын, Жек көремін бе әлде сүйемін сені ұға алмадым. Бірге бола алмадық жаным, өйткені сен солай шештің, Мәңгілікке жауратты ғой суығы сол күнгі кештің. Өйткені сен менен кеттің, бірақ себебін білмедім, Мүмкін басқа жігіт таптың, ал мүмкін мені сүймедің. Ал мен сүйдім өлердей тек қана бір өзіңді, Өкінішке орай жаным, болмадық біз бақытты. Сенің таңдауың сол болды, неге мені тыңдамадың? Күлге айналды ғой жаным, менің барлық армандарым. Ұмытуға да тырыстым, сені ойламауға мүлдем, Бірақ қоңырау шалғанда тірілед жүрегім өлген. Көтергім келмейд тұтқаны, бірақ дауысыңды сағынам, Естелікке қалдырдың сен тек жүректі жараланған. Жараланған жүрегімді еш бір қыз емдей алмады, Қанша уақыт өтседе жүрегім сен деп соғады. Жек көремін мен сені, естисің бе жек көремін! Бірақ айтшы маған, неге жек көрсемде сүйемін?
Жек көрсемде сүйемін, Тоқтасада жүрегім. Түссем-дағы тозаққа Бас ием махаббатқа!
zhano_almuhambet
Мына сатпақтың менің жазбама не қатысы бар?
Jazko
Сүю деген тамаша сезім ғой біле білсең! Менде сүйдім сүйгенде құлай сүйдім.Бірақ, бірақ оны күтуден шаршадым.Санамдағы сағыныштан жалықтым. Ортамнан оңашалана бердім, ұмыту үшін. Бірақ мені де солай сүйетін жан бар екен. Маған азаптан басқа ештеңе сыйламаған сезім сол жандада бар екен. Оны қатты аядым. Ойлана келе сүйіп сұмырай болғанша, сүйгеннің сүйіктісі болайын дедім. Одан бері сегіз жыл өтті. Еш өкінбеймін. Жанымды жылытып, еркелеткеннен ол ешқашан жалыққан емес. Кешір басыңды қатырып жіберсем
zhano_almuhambet
Рахмет пірікіңіз үшін! Сіз үшін қуаныштымын. Ия, қыздың сүюі соры ғана. Мені де осылай құлай сүйген жан жолықса етегінен ұстаймын)))
8888
жақсы жазылған…
raushan_astana
ғашықтыққа не жетсін! Адамды өзгертетін сезім…
Ғашықтық деген ғаламат жыр ғой жалғасаң,
Өмірге сенде өгейсің өзгенің нұры болмасаң.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.