Мен әлі саған сәбидей сенем...

Таусылмайтын махаббат /
Таусылмайтын махаббат: Мен әлі саған сәбидей сенем...
Жанарыңнан жалғандықты көрсем де,
Менің саған сенгім келе береді…
Менің соған көнгім келе береді.
Сен сыясың – сырғақтаумен келсең де,
Мендік осы ақымақтау өлшемге.
Сезім өлсе тек сенбеуден өледі,
Сенімімнің ең бір адал өлеңі,
Саған сенем, сенем саған өлсем де!
Неге сарқылмайтын сенім? Неге ада болмайды? Кеткім келеді. Алысқа. Өзіңмен. Көз көрмес тірлікке де келісем. Ешкім естімеген мекенге кетейікші. Бірге. Тілі басқа, діні жат, елі, салты өзге демеймін. Сен болсаң болды!

1 пікір

zhano_almuhambet
Тоқыраудың барлық түрінің ең қатерлісі — сенімнің тоқырауы. Мен саған әлі де сенемін. Санаулы күндерден соң саған жететініме де сенем…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.