Өзгеліксің,тек күлгенің менікі...

Таусылмайтын махаббат /
Бақыт сыйлап жанарыма арманнан,
Жүрегіме сезім болып еніппең?!
Махаббатпен аялап ем мен сені,
Жүрегіңмен сүйе алмадың неліктен?!

Ащы жасқа орап алдым сезімді,
Жүрек байғұс алғашқы рет езілді.
Жалғыз аймен сырласатын тек қана,
Мына жаным жалғыздығын сезінді.

Жалғыз айға жан сырымды ақтардым,
Күндерімнен сені іздедім, таппадым…
Сағынышты жүрегіме үйдім де,
Арманыма орап алып сақтадым…

Жылап тұрған жүрегімді жұбатып,
Жанарымнан алыстама, кетпеші…
Тіл қатуға елең еткен жүректі,
Сағыныштың тұмары тек етпеші…

Сағынбаймын дегенмен,қия алмаймын,
Көзімнен мөлдір жасты тыя алмаймын…
Бақыты деп өзімнің білгендіктен,
Жүрегіме сәулені жия алмаймын…

Кеше менің бақытым болған едің,
Бүгін міне,өзгенің бақытысың.
Жарығынан жүрегім айырылды,
Өзге жанның себебі жақұтысың…

Жыласам да, бақытыңды қаладым.
Арманыңды жан нұрына баладым…
Өзге жанның сезіміне тапсырып,
Күлгеніңді, менікі деп санадым…

Кел демеймін, оралма, мейлі келмегін,
Сөздеріме, мейлі тағы сенбегің.
Сезіміңді, мейлі, сыйла өзгеге,
Күлгеніңді тек басқаға бермегің…

© Ақмарал.
Алынған бет.

4 пікір

AbylaiEsimbai
Нағыз ғашықтың тілі.
htumar
Сағынбаймын дегенмен,қия алмаймын,
Көзімнен мөлдір жасты тыя алмаймын…
ия сағынбайын десемде жалғыз қалған кезде сағынамын, жасты да тия алмаймын. ТАМАМША өлең
Madina94
Тамаша! Ғажап! Өте керемет! Қаламыңыздан осындай ғажап дүниелер туындай берсін! Қаламыңыз өрге жүзсін!
kuralay_95_25
ТАМАША! НАҒЫЗ ҒАШЫҚТЫҚТАН ТУЫНДАҒАН ДҮНИЕ!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.