Махаббатқа толы жүрек

Таусылмайтын махаббат /
14 ақпанда әйгілі әулие Валентин күні деп орысы бар,қазағы бар бір-біріне сыйлықтар ұсынып, сезімдерін білдіріп ғашықтар күнін тойлап келді.Жартысы әлі де тойлап келеді.Бірақ Қазақстандық жастар неге біздер Қозы Көрпеш Баян Сұлу деп атап өзіміздің қос ғашықтарымызды дәріптей отырып, мерекені өзімізше атап өтпеске деген ұсыныс жасай отырып,15-сәуір күнін ғашықтар мерекесі деп белгіледі. Таусылмайтын махаббат: Махаббатқа толы жүрек
Ғашықтар күніне арналып, мерекелік іс-шаралар,ғаламтор бетіндегі қазақша сайттарда бірнеше посттар мен мақалалар жарық көруде.Біз де бүгін қалыс қалмай, мерекеге қосқан үлесіміз ретінде өзіміздің қызықты материалдарымызды жариялауға кірісейік.
Сонымен сіздерге 2012жылы «массагет» сайты түсірген фотосуреттерді ұсына отырып, шағын шығарма ұсынбақпын.
"ҚазҰУ қалашығы.Көктемнің шуақты күнінде Манас достарымен жиналып,үзіліс уақытында дем алып отыр еді,
Таусылмайтын махаббат: Махаббатқа толы жүрек
Кенеттен сабаққа асығып келе жатқан қыздың жүрісі Манастың ойын бөліп жіберді.Бейтаныс сұлудың жүзін, көзі шалып қалған манас,қыз бұрылып кеткенше ажарынан көзін тайдыра алмай үнсіз қалды.Таусылмайтын махаббат: Махаббатқа толы жүрек
Достарымен отырғанын ұмытып, қыздың артынан ілесе берді.Таусылмайтын махаббат: Махаббатқа толы жүрек
Аты жөнін сұрап алмақшы болған ниетпен, Манас қызға жақындай түсті.Таусылмайтын махаббат: Махаббатқа толы жүрек
Кенет қыз баспалдақтан түсе бере, сүрініп кетті.Қыздың аяқ шалысын артынан аңдып келе жатқан Манас, шап беріп қыздың қолынан ұстай қалды.Бейтаныс жігіттің қолынан ұстап алғанын жақтырмай,қыз жөніне жүріп кетті.Таусылмайтын махаббат: Махаббатқа толы жүрек
Жігіт өз мақсатынан тайынар емес,қыздың артынан ере түсіп шапшаң жүріп келеді.Ляззат артына кілт бұрылып:
— Сізге не керек? Неге артымнан қалмайсыз?-деп, ашулана түсті.
-Қарындас, мен, жәй… не ғой… сіз менің бір ескі танысыма қатты ұқсайсыз,-деп қызара түстіТаусылмайтын махаббат: Махаббатқа толы жүрек
Басында ашулы болғанымен, жас жігіттің жанары қыздың көңілін бірден аулап алып, суық жүзін жадырата түсті.Таусылмайтын махаббат: Махаббатқа толы жүрек
Мінеки,ҚазҰу қалашығының бір бұрышы тағы да таныстыққа куә.Таусылмайтын махаббат: Махаббатқа толы жүрекАлғаш таныстықтан кейін, бір-бірінің телефон номерін алмастырды.Таусылмайтын махаббат: Махаббатқа толы жүрек
Ия, осылай алғашқы таныстықтың арты әдемі махаббат хикаясына ұласты.Таусылмайтын махаббат: Махаббатқа толы жүрек
Қол ұстасқан қос ғашық, алматы көшелерін аралаудан шаршамайтын.Таусылмайтын махаббат: Махаббатқа толы жүрек
15-сәуір, ғашықтар мерекесін атап өтпекші болған қос ғашық, бірін-бірі көргенше асық.Таусылмайтын махаббат: Махаббатқа толы жүрек
Күллі табиғат сілтідей тынып, екеуінің махаббатына сүйсіне қарағандай.Таусылмайтын махаббат: Махаббатқа толы жүрек
Таусылмайтын махаббат: Махаббатқа толы жүрек

1 пікір

yesbolat83
Қайрат КазГУграаад! Кімдердің махаббаты мен достығына куә болмадың сен!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.