Жолайрық

Таусылмайтын махаббат /
Тор дәптерді толтырып, тола мұңға,
Байландым сағыныштың қамалына.
Өткен күннің табылмай естелігі,
Сендік сезім, тұрады жанарымда.

Сезімге селкеу салып, есіл кеуде,
Мен едім, отын жағып, өшіргенде.
Маған қойған үздіксіз сұрақтарың,
Жауабын айта алмаймын, кешірсеңде.

Егіз жүрек, айтқызбай түсінетін,
Демі қалды, амалсыз күрсінетін.
Сол саябақ, сол бір кеш бәрі бәрі,
Қош бол дедім, қолымды бір сілтедім.

Мейлі, жаным, мені қатты сөгерсің,
Соңғы жастың тамшысында төгірсің.
Арпалысып талай жерге барарсың
Жүрегіңді өзге жанға берерсің.

Қиналсамда мен бәріне көнемін,
Сенің жаның тастан қатты демегің.
Өз дегенім қайғы болса қайтемін,
Өзгелерлің бақыты үшін келемін.

Сенім бізге бола алмады оңай құт,
Бақытыңа кезігерсің, жолай күт,
Екі жолда, үнсіз қарап біз тұрдық,
Мәңгі бөлді екі арнаға жолайрық.

Фариза Мақсұт

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.