Бір сен үшін жанарыма мұң тұнды..........

Таусылмайтын махаббат /
Солай. Иә, осылай өтіп жатыр мағынасыз күндер. Кейде ол жайында естелік айтқыштар көбейеді, кейде даттаушылардың мерейі үстемдік құрады. Түсініксіз. Негізінде, біз, жабырқаулы жан көрсек ақылман болуға дайын тұрамыз ғой…
Өтірік деңізші?!
Білсеңіздер екен, мен өмірге қатты құштармын. Себебі: Кеудедегі кішкентай ғана әлемде мұхиттай үлкен, мұхиттай терең сезім бар. Күнделікті тірліктің күйбеңінен шаршағанымда да, ұмтылар жарығыма медет болар осы ұлы сезім. Жаратушы иемнің маған тамырымнан да жақын екенін білемін, Алла куә жүрегімнің дүрсілі не жайында тіл қататынына.

Оны есіме алған сайын жүзім жайнап сала беремін. Өйткені, ол өзі өте жақсы, өте көрікті, өте ақылды адам болатын. Менің еркелігімді артығымен көтере білді. Ауырған сәттерімді дәрісін алып жанымнан табылатын. Қуанышты сәттерді айтпасам да белгілі шығар. Ал сүрінген кездері, қаталдық танытып, мені қатты сөздермен сабап алатын да, қайта тұрып қадам басуыма тірек болатын. Қазір бұның бірі де жоқ. Себебін іздеп шарқ ұрмадым. Мүмкін мендік қателік болар.
Сонда мен:
Бірақ өзің айныдың,
Ұмыттың да жастықтың жұмақ күнін.
Сен мысқылдап, мен болсам жылап тұрдым.
Өмір деген бұрқанған дарияға
Бұрымымнан ұстап ап лақтырдың.
Сонда ғана есейіп, бұл жалғанда
Бәрі алдамшы екенін бірақ білдім.

Білемін. Бәрі маған жұбаныш болғысы келеді. Білемін. Барлығы иығымнан қағып жұбатқысы келеді. Бірақ неге керек өтірік түсінген болып, жараның аузына тұз себудің.
Мен түсінбеймін!!! Жоқ, түсінер ниетім де жоқ. Өзгенің жүрегіндегі сезімге қолсұққыштарға таңым бар. Менің әлемімді өзгертпек болып тырбаңдағандарыңмен нәтижесіз боларына сенімді бола тұра, маған неге ақыл айтасыңдар?! Құрысын бәрі, ол мені сүймесе, сүймесін одан ары. Ал менің махаббатым хақына қол сұқпақ тұрмақ, ол жайында әңгіме айтуларыңа да тыйым саламын. Тыйым саламын.

1 пікір

Ai_fariza
Гашыктын тiлi тiлсiз тл Козбен корде iшпен бiл
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.