Ай-ға ! ! !

Таусылмайтын махаббат /
— Өлеңге әркімнің де бар таласы,-деп Абай атамыз айтқандай, мен де бір өлен шығарып көріп едім)))
Өленнің аты «Ай-ға» деп қойдым, бұл жердегі Ай аспан денесі емес, мен ғашық болған қыздың есімінің алғашқы екі әріпі. Негізі өлен шығаратындай өнерім жоқ, менікі жай еліктеушілік ғой))

Сағыныштан осы әнім туындады,
Сезімімді білдірмеске болмады.
Іздеуменен өзіңді өткендеймін,
Ғашық жүрек қалай енді ұмытады.

Сен үшін дайын екем барлығына,
Қуанамын «рахмет» деген алғысына.
Ұнатқан едім сені алғаш көргенімнен,
Сол сезімім үлкейіп қалғаны ма…

Суретіңді беріп едің естелікке,
Жеткендей болып еді төбем көкке.
Сол суретке қанша уақыт қарасам да,
Болмайды өткеніндей уақыт текке.

Сағынғанда телефонмен хат жазамын,
Сол хатымның жетуіне асығамын.
СМС-тің барғаның көргеннен соң,
Жауабынды күтумен отырамын.

Ғашық болған өзіңе мен бір жанмын,
Суретіне қараймын-дағы, тамсанамын.
Нұрын төккен шілдедегі күн бетіндей,
Келбетіңе қарауға мен ұяламын…

12 пікір

Korkem
мяяя сенен мынадай өнер шығады деп ойламаппын, сол Ай няғып мен болмадым екен? жаз, жаза түс сенен бірдеңе шығады. Керемет!!! +1 ризамын саған…
qyrmyzy
не ғо, маған мынадай сезім қарамай кете ма деп қорқамын…
Abylai
мәә мынаны қара, өлең шығарыпты, кучті, айдөөйт, ахохоу.
өлең шығара алмайтын жалғыз мен шығармын((
Korkem
ыыы ол үшін ғашық болу керек. Ғашықтық тілі жоққа тіл бітіреді. Сараңды жомарт етіп жібереді. Ай да ғашық бол! Қырмықыға қырындап не бітіріп жүрсің ә?)))
dimash
менде солай ойлап жүргенмін, аудитарияда ғо шығарғаным, окошканы пайдаланып))) Көш жүре жүре түзеледі дегендей біртіндеп мағыналы өлендерді де шығарып қалам ба деп қоясын ғо)))))
Korkem
муахахаааа қош көрдік сізді)))
dimash
Рахмет))) сендерге ұнағанына қуаныштымын)))
calendula
Суретіне қарайм-дағы, тамсанамын.

"Қараймын-дағы тамсанамын" болуы керек. Былайша, жаман емеееееес.
dimash
рахмет!))) қатемді жөндеп қойдым ))
ardak1996
Димаш аға жақсы жазыпсыз…
Moldir_96
О! Керемет өлең шумақтары! Ақындық өнеріңіз де бар екен ғой)) Жарайсыз! +1
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.