"Ай-ға" 2
Бір керемет ақын болмасам да ебін тауып өлен шығаратын әдет шығарыппын. Соның бәрін осы сайтқа жариялаймын. (егер қарсы болмасаңыздар) Ай-ға деп бастап шығарған өленім бар еді, бұның алдында жазғаным, мынау соның жалғасы ретінде шықты. Бұл «Ай-ға» өлені ойдан емес, өз өмірімнен алынып отыр.
Үңілемін жүрегімнің түбіне,
Жоқ секілді артық орын өзгеге.
Қанша жерден тас ғып көзді жұмсам да,
Өзің болдың көрінетін көзіме…
Бір көргеннен ұяладың жүректе,
Тас мүсіндей тұра қалдым сол сәтте.
Қара қасың, қою шашың, жұмсақ даусын,
Ғашық етті мендей жанды өзіңе.
Алғаш сездім махаббатты сол кезде,
Құмар болдым «сәлем» деген сөзіне.
Ұнатар деп сәл де болса мені де,
Көрінуші ем күнде-күнде көзіңе.
Махаббатты тулап жатқан жүректе,
Айтқандаймын сезімімді құр текке.
Махаббатым жауапсыз боп қалғаны ма?..
Үміттеніп қалған екем әлекке.
Жалғызсырап отырамын ойланып,
Қалғандаймын бір өзіңе байланып.
Талпынсам да ұмытуға өзіңді,
Келе бердің елес болып айналып...
Үңілемін жүрегімнің түбіне,
Жоқ секілді артық орын өзгеге.
Қанша жерден тас ғып көзді жұмсам да,
Өзің болдың көрінетін көзіме…
Бір көргеннен ұяладың жүректе,
Тас мүсіндей тұра қалдым сол сәтте.
Қара қасың, қою шашың, жұмсақ даусын,
Ғашық етті мендей жанды өзіңе.
Алғаш сездім махаббатты сол кезде,
Құмар болдым «сәлем» деген сөзіне.
Ұнатар деп сәл де болса мені де,
Көрінуші ем күнде-күнде көзіңе.
Махаббатты тулап жатқан жүректе,
Айтқандаймын сезімімді құр текке.
Махаббатым жауапсыз боп қалғаны ма?..
Үміттеніп қалған екем әлекке.
Жалғызсырап отырамын ойланып,
Қалғандаймын бір өзіңе байланып.
Талпынсам да ұмытуға өзіңді,
Келе бердің елес болып айналып...
32 пікір
Қолғабыс қайда жоқ боп кеттіңииии?АКА, сізді Димаш «лақтырып» кетті ғооо)))АКА-ға арналады:
Тебірентер алпыс екі тамырды,
Өзіңіз ғой «айтабердің» аруы.
Паналатқан бар жақсылық бойына,
Жігіттердің жүрегінің қалауы! )))
«Мир тесен иа?ондай ондай болып тұрад)))