"Ей, қарындас"

Таусылмайтын махаббат /
Студенттің түскі асы сияқты кішкене ғана өлен шумақтарымды назарларыңызға ұсынамын.

Ей, қарындас, мен өзіңе сыр айтамын,
Түнеу күні өзің жайлы ойлағанмын.
Ойлап едім, тағдырым бір өзің деп,
Ойламаппын қалай енді айрыламын…

Елестеттім болашақты өзіңмен,
Баурап алдың күлемдеген көзіңмен
Мендей ғашық бар ма мына жалғанда,
Нәр аламын сенің әсем сөзіңнен.

Құтыламын қалай ғана қызғаныштан,
Қызғанамын тіпті мына жалғаннан
Қиын екен қызғанышты жасыру,
Кербез мінез тән ғой саған қашаннан...

2 пікір

mairosh
керемет +1 мәләдес. Маған ұнады. Бауырымның осындай ақындық қасиеті барын білмеппін )))) ЖАРАЙСЫН ДИМАШ
Moldir_96
«Керемет!» дегеннен басқа не айтамыз?! Та-ма-ша! Өнеріңіз өрге жүзсін!
Ойлап едім, тағдырым бір өзің деп,
Ойламаппын қалай енді айрыламын…
Жауапсыз маахаббат болды-ау шамасы?!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.