Күйеуге шыққым келмейді

Таусылмайтын махаббат /
Жасым 22-де. "Қашан күйеуге шығасың?" деген сұрақ осы кезден мазалайды ғой. Осы сұрақты естісем, «шықпаймын» деп шорт кескім келеді. Бірақ, тәрбие құрғыр бұған жол бермейді. Біздің қоғамда «күйеуге шыққым келмейді» десең, бәрі жаман қарайды. Онда тұрған не бар? Өз бостандығымды ешкіммен бөліскім келмеді. Адамның рухани дамуы үшін жалғыз болу керек. Ал, отбасы оны шектейді. Күйеуге шыққан қыздар қоғамдық жерлерге шығып, құрбыларымен кездесуден қалады. Бірнеше айға, тіпті, бірнеше жылға жоқ болып кетеді. Олардың көзінен тек мұң көремін. Сондықтан, шыққым келмейді күйеуге!

12 пікір

zhangul
Жалғыздық үлкен қасірет деп айтқым келген. Алайда… Адам баласы жалғыз да бақытты бола алатын сияқты. Бақыттың пішімі қатып қалған бір нұсқа емес. Бақытты ішіңнен сенен басқа ешкім естімейтін әуенді тыңдап отырып та табуға болады. Адам жанының кереметтігі де осында. Бізге бақыт сыйлайтын материя емес,… Бақыт сыйлайтын ол адамның қиял қанаты. Адам қанағат қылған әлемімен әрдайым бақытты бола алады.
Ал, күйеуге шығып бақыт таба алмаған әйелдер туралы айтқаның өте-өте ащы шындық… Дегенмен, таңертең ұйқыдан оянғанда жаныңда сүйген жарыңның пысылдап ұйықтап жатқаны зор қуаныш сыйлайды. Сүйген жар болса ғана бақыт сыйлайды, сүймегенің… қиын, жаның азапталғанда өзіңді бұл қоғамға да сыймайтындай сезінуің ғажап емес. Ол жалғыздықтан да жаман.
zhangul
Қалай ойлайсыз? Мүмкін сүймеген жарыңды уақыт өтес үюге болатындай жағдай жасай алатын шығарсыз? Ол үшін не істеу керек?
Жалпы, махаббатқа аса сенемін деп айта алмаймын. Относительная вещь)
Kan
Керсінше рухани өсу қосағыңмен бірге болу. жас кезіңе жалғызdықтың кесапатын dуріс сезіне алмайсың. Жалғызdық жас улғайғансайын қиын болаdы. Ең бастысы ана болу бақытын жоғалтып алмау керк
Ана болу бақыты ғана ойландырады
Kan
Қарынdасым саған көп нәрсе айтқым келеdі бірақ ол мүмкін емес. Айтсеdе сени түсінемін, сенің осынdай түсінікте болуыңа біз жігіттер кінәліміз. Тек умытпа сени анаң туdы, ана болу сени басты мінdетін. Ал балаңdы әкесіз өсіру ол тым қиын.
zhangul
Канның сөзінде жан бар. Адамзаттың миссиясы алдымен ұрпақ өрбіту. Тәрбиелі, қоғамда өзіндік орны бар адамдарды тәрбиелеу. Сол арқылы қоғам дамиды. Әйелдің бір қолы әлемді тербетеді демеп пе еді…
zhangul
Дәл осы бала ерлі-зайыптыларды бір біріне жақындата түседі емес пе
Ai_fariza
Өмірге қыз бала болып келгесін келін болып, ұрпақ тәрбиелеу басты міндетің
Jako
Қиялмен бақытты болу дегенің қуыс кеуде болу дегенмен бірдей. Адам бұл дүниеге келгеннен соң оның ең бірінші міндеті үй болып ұрпақ тәрбиелеп қоғамды саналы мүшемен толықтыру.Ал бақыт, байлық, билік. білім дегендердің бәрі осы зор міндеттің көмекші салдарлары ғана.
Соңғы өңделген уақыты:
mttorebek
Жасым жиырма бірде… Менің отбасы болғым келеді… Бірақ онан кейін басталатын ауыртпалықтарды ойлағанда асықпағаным жөн деп ойлаймын… Бір адамнан қатты көңіоіңіз қалғанға ұқсайды… Адам не ойласа сол болады, жаман нәрсе ойлай көрмеңіз…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.