Құпия қыздың махаббаты

Таусылмайтын махаббат /
Ағатай,
Сенде мендей сезімге жақынбысың?
Деуші едің ғой қарындас ақылдысың.
Ақ параққа қалам кеп, тоғысқанда.
Жұмсайды екен өлеңге ақын күшін.

Мен бұлайша, дүлей күш сезінбегем,
Өзге арнаға ауысты менің кемем.
Екі өзені қосылмас, тағдырыма,
Жылай алмай, булығып, күліп келем.

Төлегендей болмассыз, сірә, аға,
Қыз Жібектей болмасам, кінәлама.
Тағдыр сызып, маңдайға жазғаннан соң,
Бақыт кілті менде емес, бір Аллада.

Түсіме жиі әкеліп, түн ұясын,
Мұңаясың, қол созып жымиясың.
Сандығымды сыр толы ақтармашы,
Өзім ғана білетін құпиясын.

Фариза Мақсұт

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.