Қайықпен арғы бетке өту

Математика әлемінде /
Мынау жердегі aitaber.kz/blog/math/1003.html есебім шешімін таппаса да, тағы бір есеп жариялайын, бәлкім оңай да шығар. Фархаттың салмағы 41 кг, Мұхиттың салмағы 38 кг, ал олардың әкелерінің салмағы 75 кг. Егер қайық тек 100 кг жүкті ғана көтере алса, олар арғы бетке қалай өте алады? Бірнеше нұсқалар қабылданады.
Суретті мына жерден жүктедім:http://bagdarlama.kz

27 пікір

Manas
Қай сурет
Togzhan
Басты суретке бір қайықтың суретін жүктеген едім. Соны айтам.
Manas
ааа, сұрағыңыз қиын екен, ойланып таба алмай отырмын
Togzhan
Тағы біраз ойланып көріңіз, мүмкін тауып қаларсыз) Сонан соң анау сілтемедегі есепті де қарай отырыңыз!
AL-ASTER
Жұмбақта Фара Муханы жеп қояд, Муха Батясын жеп қояд деген жерлері қалып кеткен жоқ па? Қайық неше рет апара алады үшеуін?
Togzhan
Жо-жоқ) Ешкім ешкімді жемейді, шартында ондай жоқ екен, сан рет қарадым)) Қанша рет барғысы келсе, сонша рет барсын)
AL-ASTER
Фара мен Муха кетед, Муха қалад, Фара қайықты алып келіп, папасы кетед, Муха арғы беттен келіп, бергі беттегі Фара амигоны алып келед.
Togzhan
Оп бәрекелді! Түк қиындығы болмаған сияқты! Сағат туралы есепке не айтасың?
AL-ASTER
мен оның шығару жолын… дегенсін үркіп қашып кетуден басқа вариант таппай қалдым.
Korkem
Алдымен Фархат пен Мухит арғы бетке өтеді де, содан соң Мұхит қайтып келіп әкесі екеуі өтеді
Korkem
оййй, мына пікірлерді енді көрдім((((
Togzhan
Бірге өтсе, 100 кг дан асып кетер еді…
Korkem
иә, асып кетеді екен ғой))
AL-ASTER
неткен жанкештілік…
Manas
мәә, мен тек 1 рет баратын шығар деп, басымды ауыртып отыр едім.
Togzhan
Ал-Астер секілді сұрап ала салуың керек еді)
User
Фара Муха екеуі барсын қайықпен.Әкесі жүзсін.
Togzhan
Мүмкін күн суық шығар…
AL-ASTER
Әкесі жатса қайықта, екі баласы жүзіп жүрсе (сүйреп әрине қайықты)

ПыСы: Бірнеше вариант қабылданады дегенсің, бұл екінші вариант (моральдық кодекс бойынша оң бағаларсың деген үмітім бар)
User
Әкесі ақымақ екен нағыз! Жүк көтергіші 100 кг,қайықты қинағанша, тағы бір қайықты алмайма!
Arhun

екінші практикалық әрекеттен бірден тауып алдым =)
Togzhan
Ооо, қызық әдіс)
Arhun
негізі мен видtо ретінде жіберейін дедім де, "әй, қойшы" деп графикалық түрде жібердім ))
dimash
Мяяя есеп ондай қиын емес екен негізі)) Анау есеп бар еді ғой, бастауыштың кітабында бар ғо, қойшы, қой, шөп, және қасқырды өзеннің арғы бетіне қалай апаруға болады деген ше)) соған ұқсайды екен))
Togzhan
Негізі бұл да бастауыштың кітабынан алынған!)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.