Қу түлкі мен желаяқ тышқан

Математика әлемінде /
"Қу, сұмпайы" түлкі тышқанды көрді. Түлкі 4 рет секіргенде тышқанға жетер еді, бірақ тышқан қаша жөнелді. Түлкінің бір секіру ұзындығы тышқанның 12 қадамына тең. Егер түлкі бір рет секірген уақытта тышқан 4 қадам жасаса, түлкі неше рет секіргенде тышқанды ұсатайды?



Ал математик-блогерлер, кімде қандай шығару нұсқа жолдары бар?
шығарғандарға +1

12 пікір

Karlen
түлкі 6-рет секіргенде тышқанға жетеді.
akil_kalta01
Karlen вроде сенің жазғаның дұрыс сияқты.
Arhun
Карлендігі дұрыс, енді шығару жолымен бөліссеңіз, нұр үстіне нұр болар еді
Karlen
Есепті білмеймін мен былай түсіндірейін. тышқан түлкіден 48 қадым алыста, яғни түлкі 4 рет секіріндей арасы. 1 рет секіргенде тышқанмен түлкінің арасы 4 қадымға алыстайды. түлкі 4 рет секіргенде 16 қадымға алыстайды. 5 рет секіргенде 20 қадымға. Ең соңғы 6 рет дәл 24 қадымға алыстағанда түлкі тышқанға жетеді. Барлық ара қашықтық тышқанның қадымымен санағанда 72 қадымға тен келеді, яғни 72 қадымды 12 қадымға бөлгенде түлкінің 6 рет секіруіне пара пар.
Arhun
Өте қызықты логикалық жауап шықты… жарайсың!
Manas
3 рет
Manas
Мүмкін 12 рет
Arhun
Мәке, жауабында 6 деп тұр
Manas
иаиа көрдім ,қалай шықты түсінбей отырмын
Arhun
Енді тағыда кімде алгебралық немесе математикалық шығару жолы бар?
Өзімнің жолымды соңында қоямын
Togzhan
Түлкі мен тышқанның арақашықтығы 48 қадам екені белгілі. Енді, олардың жасайтын қадамдарын жылдамдық ретінде қарастырайық. Ал, жетіп алу қадамын уақыт делік. Сонда, түлкі жылдамдығы 12, тышқанның жылдамдығы 4-ке тең болады. Енді, олардың бір бағытта, бірі алдында кетіп бара жатқанын ескерсек, S=(v1-v2)*t
t=S/(v1-v2)=48/(12-4)=6
Arhun
менікі де солай шықты… жазбайық қояын )) Тамаша!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.