Логикалық жұмбақ

Математика әлемінде /
Апамыздың үйіне кешке қонақтар келеді екен. Сол апамыз анау-мынау шаруаларды істеп жүргенде самса пісіруді ұмытып кетіпті. Ал қонақтар апамызға 15 минуттан кейін үйіңізде боламыз деп телефон соғады. Апамыз енді 6 самсаны 15 минутте пісіру керек. Пісіргені ештене емес, қиыны пісіретін таба біреу және бір табаға тек 4 самса ғана сияды. Ал 1 самсаның бір жағы 5 минутта піседі.

Енді апамыз абыржуда, сасып, не істерін білмей жүр. 6 самсаны 15 минутта пісіре алам дейтін айтаберліктер болса, апамызғада айтып үйретсеңіз. Апамыздың алғысы шексіз болар еді.

25 пікір

Korkem
Түүү есепке жүйрік емес едім ((( Жүгірііііп барып көршінің үйінен тағы бір таба әкеле салса болсас па екен?
qyrmyzy
апамызғада айтып үйретсеңіз
??
хмм, апа жақсы білетін шығар бізден
qyrmyzy
Қонақтар 5 минут күте алады
Karlen
Жоқ көрші үйден таба сұрамайды және қонақтар 5 минут күте алмайды)). 1 табамен 6 самсаны 15 минутта пісіруге болады.
pari
шынында апаң ба күтіп отырған
Karlen
тек менің апам емес, бәріміздің апамыз ғой күтім отырған.)))
Sabions
қонақтар келе сала самсаға жармаспайтын шығар, аман-саулық сұрасып төрге жайғасады… шәй дайын болды дегенше әңгіме-дүкен құра тұрар… сол шансты пайдаланып апамыз 6 самсаны пісіріп алу керек…
Karlen
Жоқ ондай астарлы, жасырын жауаптар жоқ. Шынымен 15 минутта пісіруге болады. Апамыз самса пісірем деп уәде берген. Бірінші болып сол самсаны жейсіңдер тәтті болып шығады. Бүгін кешке үйіме келіңдер, сол самсаны бірге отырып, әңгіме айтып жейміз деген. Енді Қонақ келгеннен кейін самса пісіре ма? әлде қонақтармен әңгіме дүкен құра ма?.. Апамыз қалайда қонақ келгенше самсасын пісіріп қою керек.
Sabions
хихи… сонда апамыз қонақтарды самса жеу үшін шақырды делік… олай болса самса пісіруді ұмыту мүмкін емес ")… бірінші самса жегізед, но самсаны тамақтың соңынан пісіред дейсің ")
Karlen
Менде сол ұмытып кеткенін естігенде таң қалдым.))
Sabions
жа,әзілді қойып, точно шешімі бар болса ойланайын…
Sabions
тәәк...4 самсаң 100 пайыз 10 минутта пісіп шығады… қалған екі самса…
ПыСЫ… кә көшеге шығып келген соң жалғастырамын…
Abylai
табаға төрт самсаны салады, бес минут өткесін жартылай піскен екеуін алып қояды, да ана екі самсаны теріс бетін аударады. қасына піспеген тағы екі самсаны қояды. бес минут өткесін екі жағы піскен самсаны алып тастайды да қалған төрт самсаның піспеген жағын қояды. осылай ма? түсінікті жаздым ба?
Karlen
Дәл өзі жауап дұрыс. Апамыз саған шексіз алғысын білдіруде.
Abylai
Бақыттымын. жільәп тұрып мені осылай тәрбиелеген әке шешеме алғысымбы айтып жатырмын.
dimash
өзің бір жіләй вереді екенсің))) жыламай-ақ қойсайш))))
Korkem
мяяя мамадессің! Бағалы бері миым кетіп, крышам ұшып жатыр еді, тым болмаса бір логикалық ЕСЕПТІ мен шешіп, бір рекорд жасайнш деп))))
Abylai
самса пісіргіш сеннен бір жауап болар ма екен деп күтіп едім )) келесіде сенің жауабыңды күтем
Korkem
уәде бере алмайм бірақ)))
Abylai
тырысып көр енд )
Korkem
ҚҰП! )))
AKA
Осы сұрақтың жауабын Сіз табады деп ойлаған ем…
Korkem
амал нешік(((
Togzhan
О, Абеке жарайсың!))
Sabions
ліба, тағы кеш қалдым ба…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.