Логиқалық жұмбақ №2

Математика әлемінде /
Үстел үстіне үш баскиім қояды: Біреу –қара түсті, ал екеуі — ақ түсті. Содан кейін екі ақылды адамдарды шақырады. Олар үстел үстіндегі бас киімдерді көреді.

Содан кейін өздеріне көрсетпей екеуіне бас киімді кигізеді де, бір – біріне қаратып қояды. Екі адам бір – бірін көргеніне үш секунд өткеннен кейін екеуінің біреуі «Менің басымдағы бас киім ақ түсті» — деп айтады.

Айтқан адам басындағы бас киімі ақ түсті екенін қайдан білді?

13 пікір

Abylai
б1р1нш 1 жагдай: биринши адамнын басында кара бас киим болган. Кара бас ким биреу болгасын екинши адам озинин бас ким1 ак екен1н билген (соткамен отырм айып етпен)
Karlen
Егер бірінші адамның басындағы қара бас киім болатын болса, неге үш секунд қарап кідіріп қалады. Қара болса, Бірден айтатын еді ғой.
Abylai
уш секунд деген коп па?
Karlen
Ақылды адамдарды шақырған деп айттым ғой. Олар үшін үш секунд көп.)))
Abylai
екинши жагдай: екинши адам былай ойлайды. Егем менин басымдагы кара баским болса биринши адам озинин баскими ак екенин билип айтар еди. Айтпай жатър знашит менин баскиимим ак.
Karlen
Ай молодец. Жарайсың!
qazaquly
Сонда Абылайды ақылды адам деп санай беруге бола ма?
Karlen
ИЯ. енді ақылды адамдар қатарына қоса берсен болады)))
AKA
Түсіне алмадым сұрақты, сәйкесінше жауабын да ұқпадым.
Менде логикалық сұрақ: 555 санындағы үш таяқшаны қозғап, бес шығару керек. Жауабын шағын ғана суретпен көрсетсе жақсы болар еді.
Тағы бір сұрақ: 5 + 5 + 5 = 550 осы өрнектегі бір ғана таяқшаны қозғап, теңдікті шығару керек. Өте жеңіл сұрақтар :)
AKA
Алғашқысында үш емес, екі таяқшаны ғана қозғау керек екен.
Araika
Екіншісінің жауабы: Алдыңғы плюс таяқшасының ортасындағы сызығының жартысын сол таңбаның сол жақ жоғарғысына тіркейміз, яғни төрт шығарамыз. Сонда 545 + 5 = 550

Алдыңғы сұрағыңды түсінбедім. Және сүгіретпен де көрсетуге мұрша жоқ, давай сыйлық )))
AKA
Дұрыс, бірақ сыйлық беремін деп жазбаған ем… Өте оңай ғой, 5-10 минутта шешіледі деп ойладым. :))
ereke_enu
екіншісінің басында қара бас киім болған болуы керек!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.