Логиқалық жұмбақ №3

Математика әлемінде /
Мысалға: Сізді бір үйге алып келеді. Үйдің ішіне кіресіз. Үйге кірген кезде алдыңызда келесі бөлмеге кіретін есікпенен, есіктің жанында келесі бөлмедегі жарықты қосатын үш қосқыш тұрады.

Енді сіз бұл үйге бостан бос келген жоқсыз. Сіздің мақсатыңыз есіктің жанында тұрған үш қосқыштың қайсысы жасайтынын білу.

Қаперіңізге:
1.Сіз үш қошқышты қанша рет қосып, сөндіргіңіз келсе, сонша рет қосып сөндіре аласыз.
2.Келесі бөлменің есігін тек бір рет ашып, бөлменің ішінде жүре аласыз.
3.Есікті ашқаннан кейін қосқыштарға тимейсіздер.
4.Бөлменің есігін бір рет ашып жапқаннан кейін үш қосқыштың қайсысы жасайтынын айтасыз.
5. Бұрыннан бұл Логикалық жұмбақты естіген болсаңыз және жауабын бұрыннан білетін болсаңыз, жауабын жазбауыңызды өтінеміз.
6.Қосалқы түсіндіруді талап етсеңіз, пікір қалдыру арқылы білдіріңіз.

46 пікір

Abylai
бірінші екі қосқышты қосамын. есікті ашамын. свет жанбаса знашит үшінші қосқыш жасайды. свет жанса мына екуінің біреуі жасайды. енді екеуінің қайсысы жасайтынын анықтау керек. іімм тәәәк не ма ықтималдық теория керек па бұл жерде или логика ма?
Abylai
біріншісін қосам да есікті ашам жанып тұрса жанғаны. жанбаса ана екеуінің біреуі ііі тупик сыбырлап жіберш
Karlen
Тағыда ойлан. Біраз уақыт өтсін содан кейін қосалқы ақпарат беремін.
Abylai
не ма уақыт тығыз универге кетіп бара жатыр едім, кешке дейін жауабын айтпа онда )
Karlen
теория мен логиканыда пайдалан артық етпейді.))
Abylai
қосқышты қосып сөндіріп есікті ашып жапқаннан басқа қандай қосымша мүмкіндігім бар?
Karlen
Келесі Бөлменің ішінде жүре аласын. Сол бөлменің ішінде шектеу жоқ
AL-ASTER
Қараңғы бөлмеге кіруге бола ма?
Karlen
ИЯ.
AL-ASTER
Есік жабулы тұрады. Мен біріншісін қсамын да, бірнеше секундтан кейін өшірем. Есікті ашам да лампочканы ұстаймын, жылы болмаса есікті жауып екіншісін қосам. Тағы тексерем сосын жылы ма емес па, болмаса үшіншісі ғой.
Karlen
Есікті бір рет ашасын
AL-ASTER
Онда әр қосқышты бір бір минуттан қосамын. Сосын есікті ашып лмпочканы ұстаймын. Сәл жылы болса, біріншісі істейді, жылылау болса, екіншісі істейді, жып жылы болса, үшіншісі істейді.
Abylai
лампочка тек қана біреу.
Karlen
Ия шам біреу
AL-ASTER
Біреуін қосамын 5 мин. Сосын өшіремін. Екіншісін қосамын. Есікті ашып кіремін. Жарық қосылмаса, лампочканы ұстаймын, жылуы болса біріншісі, жылуы жоқ болса үшіншісі істейді.
Abylai
ия осылай дұрыс сияқты
Karlen
Ия дұрыс мана көрмей қалдым!
AL-ASTER
Әр жауап сайын жетіліп отырыпты есептің жауабын табу ықтималдығы, келесі супер жауабымды ұсынайын ба?
Karlen
Супер Жауабыңды Ұсын.
AL-ASTER
Жауапты табу ықтималдығы 100 %, үш мүмкіндікке 0.33 бөліп береміз да, біріншісін қосып есікті ашамыз. Жанса жанад, жанбаса қалған қалған 0,66 ықтималдығ бойынша тисе терекке тимесе бұтаққа деп на угад айтамыз)
AL-ASTER
осындай есепті покерлер мықты шешед
Karlen
«Алма кетті домалап»-ты қолданып таба салам дейсің ғой. Жақсы супер жауап екен!)))
AL-ASTER
иә енды ықтималдық теориясы азартный нәрсе бырақ нақты шешімін тауып бере алмай, жақындатып беред депТ осыны зерттегендер. Сірә, тиынды жиырма рет жерге лақтырғанда қанша рет сан жағымен түсу ықтималдығын есептеу барысында, батпақ пен құмға лақтыру жағын ескермесе керек, ескерсе есептің нақты шығу ықтималдығының жолына дәу тас түсер дегеннен басқа айтар жоқ. Осы есептегі бар жоғы үш ақ қосқыштың болғанына рахмет)
Abylai
мә лампочканы ұстайтындай пысық шығарсың )) есікті тек бір рет ашып қарауға болады
Karlen
Жоба ғой. Енді тағыда дұрыстап жіберсең.
Abylai
лампочканы ұстап қарауға болатын болса жаңағы Нұреке айтқандай істеуге болады жылы ма жылы емес па екендігін білу арқылы. сол жауап дұрыс па сонда?
Karlen
Жалпы жақын бірақ толық дұрыс емес
Abylai
жалпы жауабын тапқан сияқтымын. лампочканы ұстап қарайтын болса шығады
Korkem
қосқышты қанша қосып-өшірсек те еркіміз болса онда үшеуін де қосып қойып, есікті бимарал ашып кіріп кете берсем)))
qazaquly
Бірақ қайсысы екенін білмей арманда кетесің бе деп қорқам да)))
Korkem
ық-ық, мен армандамай өтуге уаде берем))
qazaquly
онда жұмбақтың шешуін таба алмауың мен кепіл, Көркемжан
kema
kalgan jakkywtar kaida barady?
kema
magan myn jol kyzy korinedi
2.Келесі бөлменің есігін тек бір рет ашып, бөлменің ішінде жүре аласыз.
bunyn kandai paidasy bar, eger, siz bolmege kirip shykkannan kein koskyshty basa almasanyz?
AL-ASTER
Кема, егер жаққыш 4-еу болса табу мүмкін ба дәл осы шартпен? Дауайте 4 жаққышпен табайық. Менің өз жауабым бар, мүмкін тағы да өз ұсыныстарын келтіретін жауаптар болар?
Karlen
ЖАқсы оның да шешемін шешіп көрейік
kema
жауабын қалай беру керек? есеп күінде ме? алде тек логикалық жолмен ба? Менің жауабым дайын
Karlen
Жауап дайын болса, Екі түрде жауап бере бер.
Sabions
Логиқалық жұмбақ №3
жазған: Karlen Қаралды: 93 Пікірлер: 37
мынаны көріп постқа кіргім келмей қалды… (шанс жоқ)
kema
Монти Холл парадоксын естіген адам бар ма?
AL-ASTER
Қызықты екен, амиго.
Sabions
есікті ашып қойып, қосқыштарды кезекпен-кезек басып қайсысы жасайтынын білуге болады ғо. көп ойланбай…
Karlen
3.Есікті ашқаннан кейін қосқыштарға тимейсіздер.
ereke_enu
Таптым таптым))))
1. I-қосқышты лампочка қызды ау дегенше қосып қоямыз;
2. I-қосқышты өшіріп, II-қосқышты қосамыз да, бөлмеге кіріп кетеміз.
Егер бөлмеде жарық болса, II-қосқыш жасайды. Егер бөлме қараңғы болса, жылдам лампочканы ұстап қараймыз, егер қызған болса I-қосықыш, қызбаса анық III-қосқыш жасайды)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.