Үш түбірі бар есек, ой, кешіріңіздер үш түбірі бар есеп =)

Математика әлемінде /
Дүкінге 5 литрлік және 7 литрлік бидондармен 106 л май әкелініді. Май неше 5 литрлік және 7 литрлік бидордармен әкелінді?

Өзгеше, ерекше шығару жолы барлаға +1 және де /жарайсың, математик/ деген мақтау сөз күтіп тұр

17 пікір

Karlen
7 литрлік бидонмен 7 рет алым келінді. Ал 5 литрлік бидонмен 10 рет.
немесе 7 литрлік бидомен 3 рет алып келінді. Ал 5 литрлік бидонмен 17 рет
Karlen
7 литрлік бидонмен 13 рет ал 5 литрлік 3 рет
Abylai
7 литрліктен сегізі,
5 литрліктен оны десем тым оңай болып кете ма екен?
Abylai
немесе 7 литрліктен он үш, 5 литрліктен үшеу
Arhun
1) 5*3 + 7*13 = 106 Әбіл, Карлен
2) 5*10 + 7*8 = 106 Әбіл
ой, мәләдес мате… ктер! Үшінші жолын тауып, шығару жолдарыңызды барша жұртқа таныстырсаңыздар, сіздерді толық әрітері бар сөзбен мақтаймын!
Abylai
7 литрлік бидомен 3 рет алып келінді. Ал 5 литрлік бидонмен 17 рет
деп жазды ғо Карлен
Arhun
3) 5*17 + 7*3 = 106 Карлен Кешіріңіздер, енді шығару жолдарыңызды паш етсеңіздер нұр үстіне нұр…
Abylai
ықық не шығаратыны бар? өзің жазып қойыпсың ғо, әлде дұрыс түсінбей жатырмын ба?
Arhun
шығару жол мен жауабы мүлдем ұқсамайтын нәрсе… =))
айырмашылығы есеп жауабы кітап соңында жазылуы тұрады, ал шығару жолы ешқай жерінде жазылмайды…
Abylai
5литр * 17бидордар = 85литр
7литр * 3бидордар = 21литр
85литр + 21литр = 106литр
осылай ма (:
Karlen
Шығару жағын білмедім. Тек логикамен ойлап қарасаң. 7 саны басты рөл ойнады. Басты мақсат 106 литрден соңы 5 немесе 0 қалатындай сан шығару керек. Ал жұп саннан тақ санды алсаң тақ шығады. Мысалы: 106жұптан -21тақтан= 85 тақсан, ал жұп106-56жұпты алсаң 50жұп шығады. Барлық ойланып шығарғаным осы ғана. Ал басқаша шығара алмаймын.
Arhun
мәләдес, мәтемәтик!
AL-ASTER
жарайсыңдар
ereke_enu
n- 7 литрлік бидондар саны, k- 5 литрлік бидондар саны болсын:
7*n+5*k=106=> 5*k=106-7*n
5*k — 5-ке не 0-ге аяқталады=> 7*n = 1-ге не 6-ға аяқталу керек; Және 106/7=15(1)=>n<15 болу керек, себебі 106-105=1<5;
n-нің мүмкін мәндері: n=3;8;13;18;23;28;...=> n=3;8;13=>k=17;10;3;
Жауабы: (3;17), (8;10), (13;3);
Arhun
Жарайсыз, Ереке! жарайсыз, мәтемәтик! +1
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.