"Алгебра" сөзінің шығу тарихы

Математика әлемінде /
Алгебра… осылай аталатын пәнді мектепте барлық оқушылар оқыған шығар. Ұнатсын, жек көрсін, әйтеуір осы пән тізімде болатын еді. Былай қарағанда атауы әдеттегідей гректің, я латынның сөзі деп ойлаймыз, ал шын мәнінде бұл сөз ортазиялық математик Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезмидің(787-850) 825 жылы жазылған «Китаб мухтисар әл-джебр уа-л-мукабала» деген трактатынан алынған. Бұл кітапта 1-ші және 2-дәрежелі теңдеуді шешудің жалпы ережесі тұжырымдалған. Яғни, теңдеудің теріс таңбалы мүшелерін оның екінші жақ бөлігіне оң таңбамен көшіру амалы "әл-джебр" деп аталған. Мысалы: 9х-17=5х-9 теңдейін шешу кезінде
9х+9=5х+17 теңдеуімен алмастыру "әл-джебр" амалына сәйкес. Міне, осы амалдың атауына сәйкес қазіргі кездегі математиканың іргелі салаларының бірі алгебра атауы қалыптасқан!Мәлімет Нұрқанат Көбенқұлұлының «Математика әлемінде» атты энциклопедия-кітабынан алынды.

7 пікір

Jako
Қызық екен, бұрын мүлдем мән бермеген екенмін, Болмаса алгебраны оқыдық қой.Рахмет Тоғжан.
Togzhan
Тақырыптың қызықтырғанына қуаныштымын!
Arhun
тамаша материал! біліпте жүр едім, мына мәтінен анығымен түсініп алдым…
Алгебраны аса ұнатқан емеспін.Менің әңгімем басқа, баяғыда бір жігіт бір кітапханашыға қатты ғашық болыпты.Оны жиі көргісі келіп кітапханаға келе береді екен, және үнемі Алгебра кітабын алады екен.Бір жолы қушыкеш кітапханашы:„Алгебра кітабы қызық па екен?„-депті.Сонда жігіт:„Ойбой, Алгебра асылып өлді ғой ақырында!„-деген екен.
Togzhan
Тамаша әзіл)))рахмет!
Qarakerey
Тақырыпқа тұздық ретінде — «Алгоритм» сөзі де "Әл-Хорезмидің" (жоғарыда сен тілге тиек еткен аптыр-амиго) тегінен алынғанын қосып кетсең екен. (Al-Horethmi- Алгоритм)
Togzhan
Бұл туралы білмеген екенмін… рахмет)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.