Айды жоғалтқан Колумб...

Математика әлемінде /
Математикалық есептеулер теңізде жүзу ісіне көп көмегін тигізген. Осы математикалық есептеулер нәтижесінде қазір компьютерленген ғаламда өмір сүріп отырмыз. Математикалық есептеулердің алғашқы жетістіктері жайындағы мына аңыз(Н.Көбенқұлұлының «Математика әлемінде» атты еңбегінен алынды) көпшіліктің қызығушылығын тудырады деп ойлаймын:
Атақты теңіз саяхатшысы Христофор Колумб(1451-1506) бұрын сол кезге дейін белгісіз болып келген Америка құрлығы төңірегіне жасалған алқашқы саяхаты кезінде азық-түлік, ауыз су қорын молықтыру үшін құрлықтың маңайындағы аралдардың біріне аялдаған. Содан Х.Колумб теңізшілерге арналған анықтамалық кітаптан сол күні Айдың толық тұтылуының байқалатыны жайындағы мағлұматын біліп алады. Жергілікті халықтың көсемі саяхатшының талабын қанағаттандыра алмайтынын мәлімдеген. Х.Колумб әлгіге «егер дәл бүгін бәлен уақытқа дейін менің талабымды орындамайтын болсаң, айды аспаннан жоғалтып жіберем деп сес көрсеткен екен. Арал тұрғындары Айға табынушылар болған. Х.Колумтың айтқан мезгілінде ай тұтыла бастаған. Арал тұрғындары теңізшілерге Айымызды құтқарыңыздар! деп жалынып-жалбарынған, сөйтіп теңізшілердің талабын орындауға амалсыз мәжбүр болған екен.

2 пікір

MSHERIMBEK
Хехе, басы істеп кеткен екен:)
Aspan
Ой, бәтшағар, Колумб-ой, десейш… Білімді мыңды жығады — деген сөзді, қапысыз қайран бабам, қалай айтқан? «бас шайқап жатқан смайлик»
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.