Кран жұмысына қатысты мазмұнды (мәтіндік) есептер

Математика әлемінде /
Мазмұнды (мәтіндік) есептердің бірқатары жұмыстың жүру барысына, өнімділігіне қатысты болып келеді.
saya ханымның ұсынысына сай кранның жұмыс істеуіне байланысты есептерге аз-мұз түсінік пен бірқатар мысалдар келтіреміз.
Жалпылай алғанда бізге берілген мысалда кем дегенде екі кран беріледі. Сол кранның біреуі белгілі бір бассейнді мына уақытта, ал екіншісі мынадай уақытта толтырмақ.
Бұл жағдайда әр кранның уақытын, болмаса жасаған жұмысын 1/x түрінде жазамыз.
Екіншісі 1/у болса, екуі сол жұмысты бірігіп жасаса( мысалы екі кран бассейнді бірге толтырса), 1/х+1/y=1/z түріндегі теңдеу қолданылады. Айтылғандар түсініктірек болу үшін мысалдарға кезек берелік:
1)Бір уақытта ашылған екі кран бассейннің 5/6 бөлігін 18 минутта толтырады. Егер оның біреуі екіншісінен бассейнді 18 мин тезірек толтыратын болса, онда әр кран жеке-жеке бассейнді қанша уақытта толтыра алады?
Әуелі екі кран басеейнді толықтай қандай уақытта толтыратынын анықтаймыз. Содан соң жоғарыдағы көрсетілген теңдеуге сай есепті шығарамыз:

Ж:36 мин және 54 мин.

2)Екі кран бірлесе жұмыс жасай отырып, биржадағы жүкті 6 сағатта түсіріп болды. Енді олардың біреуі екіншісіне қарағанда жүкті 5 сағат ерте түсіретін болса, онда олардың әрқайсысы жүкті неше сағатта түсіріп болар еді?


3)Бір бассейнде 200м^3 су бар да, екіншісінде 112м^3 су бар. Бассейндерді толтыру үшін крандарды ашып қойған. Егер екінші бассейнге бірінші бассейнге қарағанда 22 м^3 су артық құйылатын болса, неше сағаттан кейін екі бассейндегі су мөлшері бірдей болады?

Есептер Талапкер-2007, 2009 оқу құралдарынан алынды.

3 пікір

pana
рахмет ұмытпағаныңа)!
pari
Керемет пост. Көбіне осындай есептерден кідіріп қалатын едім, мынау жақсы болды. Тамаша:)
Мынандай мақаларды құптаймын. Мен кезінде есепке құштар болып есеп әлемінде біртадай шарлағанедім. Сөйтсем есепті білі діл білімнің екінші жартысы екекн. Ал бірінші жартысы сөздің құнын меңгеру екен. Бірақ сөздің құнын т.сініу үшін алдымен ана тілін жастайыңнан ғашық болып өспгендерге тіптен қиын болатын шаруа. Енді мен сөз есебін айтып, айта-айта бүкіл, философ, психолг қауымдарын мезі қылып, ал діншілерді, дін ғалымдарын жыгдарына тиюмен айналсатын өнер тауып алдым. Енді мынандай атлар қалған нахаылды «Тоқпағы мықты болса киіз қазық жерге кірер» деген сөз есебін шешіп көрейік. Бұл тұрғыда менің жазған шимайларымда мысалдар бар.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.